Все новости за 5 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бірнеше ауданында бір күн суық су болмайды, деп хабарлады «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
-
Үндістанда індет жұқтырғандар саны төрт миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады, деп жазды Хабар24.
-
ТМД ойындары бір жылға шегерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД елдері арасында алғаш рет өтеді деп жоспарланған ТМД ойындары 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Өскеменде қоғамдық көліктер демалыс күндері қайта жүретін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты Өскеменде автобустар мен трамвайлар демалыс күндері қайта жүретін болды, деп хабарлайды Altaynews.
-
Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – Қазақстан халқының рухани байлығы» атты онлайн-конференция өткізді.
-
Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси ғылыми-ағартушылық журналының 100 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады министрліктің Telegram каналы.
-
Шымкентте полиция мен еріктілер маска таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте полиция қызметкерлері мен ерікті жастар бетперде таратты деп хабарлайды polisia.kz.
-
Алғаш рет «Жақсылық жаса» атты жастар баттлы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Арнау» даму орталығы» қоғамдық бірлестігі «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» жобасы аясында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық қайырымдылық күніне арналған «Жақсылық жаса» креативті идеялардың жастар баттлын ұйымдастырды.
-
Банктердің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды.
-
Павлодар балабақшаларында 445 кезекші топ жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл балабақшалар мен мектепке дейінгі шағын орталықтарға қабылданған тәрбиеленушілердің жалпы санының 41,4 пайызын құрайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
Елордада «Есірткіге- жол жоқ» акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акция Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған «Атырау көпірінде» өткізілді.
-
Елордада түнде жұмыс істеген массаж салоны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Бас санитар дәрігердің қаулысының нормаларын бұза отырып, Телқоңыр көшесінде массаж салоны жұмыс істеп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
-
Дербес деректерге қатысты құқық бұзу бойынша тексеру жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтардың дербес деректеріне қатысты құқықтарының бұзылу фактілері бойынша тексерулер жүргізеді.
-
Павлодарда 22 тонна шөп жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аққулы ауданының Ямышево ауылында өрт болды, деп хабарланды Рavlodarnews.kz сайтында.
-
Елордада 200-ден астам оқушы сыйлық алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мектепке жол» акциясы аясында 245 портфель мен оқу құралдарының жиынтығы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына берілді.
-
Қарт адамдарды қолдаудың ұлттық жоспары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алпыс бес жастан асқан ерлер мен әйелдерді қоғамдық өмірге тартудың бір нұсқасы - тәлімгерлік немесе халықтық педагогика, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
-
US OPEN-2020. Қазақстандық спортшы жеңісті жолын жалғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарланды Olympic.kz сайтында.
-
Тоқаев қазан айында жұмыс сапарымен ШҚО-ға барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Енді балабақшаларда ағылшын міндетті пән ретінде оқытылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін көрнекті ғалым, Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Көзі тірісінде қазақ мемлекеті, тілі мен әдебиеті, білімі мен ғылымы, журналистикасының дамуы үшін сүбелі үлес қосқан арда азаматтың туған күні Қазақстан халқының тілдері күні деп белгіленуі де тегін емес.
-
Бір үзім нан да бермейді. Қайрат Құдайбергеннің жаңа жазбасы не туралы?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген facebook-тегі парақшасында екі кезеңді салыстырып, жазба қалдырды.
-
Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің экс тең төрағасына «Достық» ордені табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барды, кәсіпорын пандемия жағдайында өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының өндірісін ұйымдастырған.
-
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды, барлық санитарлық норма сақталады, деп хабарлады елордалық әкімдіктің ресми сайты.
-
9 минут ішінде 12 заң бұзушылық: Land Cruiser жүргізушісі жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заң бұзған ер азамат 19 жаста, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингі тұрақты екені расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «S&P Global Ratings» рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингін «BBB-» деңгейінде «тұрақты» деген болжамын растады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
-
БҒМ-ға ақпараттық шабуыл. Ұлттық тестілеу орталығының директоры мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов facebook-тегі парақшасында Ufuture компаниясына қатысты шағымын жариялады.
-
«Алтын Емел» табиғи паркін дамыту тұжырымдамасы таныстырылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Алтын Емел» ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамытудың тұжырымдамасы жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев айтты.
-
Электр сымын ұрлағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанынан кабель ұрлаған құрылысшылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
«Шарында» енді бәрі басқаша болады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Шарында туристік маршруттар мен соқпақ жолдарды дамытуға күш салынады. Заманауи визит-орталықтар, гэмпинг, кэмпингтер, этноауылдар мен караванингке арналған орын пайда болады.
-
Америкалық сарапшылар ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық беделді бейбітшілік және ядролық қарусыздану жөніндегі «Arms Control Association» үкіметтік емес ұйымы «Center for Policy Research» зерттеу орталығымен бірлесіп арнайы виртуалды брифинг өткізді.
-
Атбасар ауданында жаңа прокурор тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Батырбек Слямов Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
-
Елордада Challenge-2020 жүгіру додасы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Challenge-2020 жүгіру додасы өтті, деп хабарлайды olympic.kz.
-
Танысының телефонын рұқсатсыз сатып жіберген алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер танысының телефонын сұрап алып, сатып жіберген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Өлімге әкелген әндер жайлы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Музыкасыз адам өмірін елестету мүмкін емес. Себебі музыка мен эмоция эволюцияның маңызды бөлігі. Әлемді дыбыстар арқылы суреттеген өнердің бұл түрі адамзаттан әлі де ажырамасы анық. Абай айтпақшы, «әннің де естісі бар, есері бар», кейбір әндер адам тағдырына кері әсер етуі де мүмкін. Сондай әндерді еске алсақ.
-
Шымкент тұтынушыларына 166 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Шымкенттік өндірістік филиалымен көрсетілетін қызметтерінің бірін тегін көрсетуге қол жеткізді.
-
Коронавирустан 6 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 397 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 397 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді.
-
Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Төлеби көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңындағы ретсіз саудаға кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодарлықтар Армениядан әкелген көліктерін тіркеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер Армения Республикасынан жеткен қайта жабдықталған, яғни рулі оңнан солға ауыстырылған көлік құралдарын уақытша тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
Жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны жасалған қылмыс туралы жалған мәлімет бергені үшін жауапқа тартылады.
-
Тұран мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысындағы қозғалыс 1 айға жабылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Магистральды нөсер кәрізі коллекторының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Атырау қаласынан 30-40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.
-
«Шарын» ұлттық паркінде экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес құрамында ғалымдар, саланың сарапшылары, туристік қауымдастық өкілдері, қоғам белсенділері мен эко-активистер бар.
-
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні: Тіл және толеранттылық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осымен үшінші жыл Қазақстан халқы тілдері күнін 5 қыркүйекте атап өтеді. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте тойланатын.
-
Қаржы министрі COVID қорынан қанша ақша кеткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 инфекциясымен күресте тиімділік мәселесі жоқ, Украина індетпен күресте барлық ресурстармен қамтамасыз етілген, деді елдің қаржы министрі Сергей Марченко.
-
Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, қыркүйектің 5-і — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
-
5 қыркүйекте Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 қыркүйекте еліміздің екі қаласында ауа сапасының ластануы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Сенбі, 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің 5-і күні еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Өткен тәулікте 433 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 433 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 104 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 104 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Павлодар облысы: Түнде тыныштық бұзғандарға 23 миллион теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер туралы еске салды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
БҰҰ әлемді көмір жағудан бас тартуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдерін климаттың өзгеруіне назар аударып, оның салдарымен күресті күшейту қажеттілігін және көмір электр станцияларын қаржыландыруды мейлінше азайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды «Хабар24».
-
«Жұлдыз» индустриалды аймағында 8 мың жұмыс орны ашылады – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында жалпы аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриалды аймағы құрылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы облысында бейнекамералар арқылы 141 қылмыс ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы жедел басқару орталығы камераларының арқасында жыл басынан бері 141 қылмыс ашылып, 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Дзюдодан Қазақстандағы бірқатар жарыс өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемияға байланысты Қазақстанда дзюдодан бірнеше маңызды доданың өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Түркістан: Жетісайда инфрақұрылымдық 65 жоба іске асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 65 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 662 999,1 мың теңге қаралған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
-
Алматыда алғашқы өнеркәсіптік парктің тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 4 қыркүйегінде «Almaty Finance» компаниясы («Алматы» ӘКК еншілес кәсіпорны) журналистерге Наурызбай ауданындағы «Ala Estate» ЖШС компаниясының алғашқы өнеркәсіптік паркін таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Балқашта ДСК аумағында спорт алаңы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаштағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында әмбебап спорт алаңы ашылды. Ашық аспан астында балуандар, футболшылар, волейболшылар мен баскетболшылар жаттығады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Павлодар облысында 1 тонна шөп пен аралардың ұясы жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Железин ауданы Школьная көшесіндегі үйдің ауласында 28 шаршы метр алаңда өрт тіркелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт балалардың ойынынан шыққан.
-
ШҚО-да 47 жастағы әйелді пойыз басып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі полиция департаментінің таратқан ақпараты бойынша, оқиға Шемонаиха ауданының аумағында болған.
Наверх