9 минут ішінде 12 заң бұзушылық: Land Cruiser жүргізушісі жауапқа тартылды

5 Қыркүйек 2020, 15:40
1277
Бөлісу:
9 минут ішінде 12 заң бұзушылық: Land Cruiser жүргізушісі жауапқа тартылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заң бұзған ер азамат 19 жаста, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін, іздестіру жөніндегі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты.

Ер азамат 19 жаста. Оның 30 тамызда таңертең жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов арасындағы аралықта, ол екі рет қарсы жолаққа шығып кетті. Белгісіз қаламын деген үмітпен жас жігіт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін көлік құралынан алып тастады. Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелерін қолданып, қаскүнемдікті анықтады. Оның барлық бағыты ізделді. Тоғыз минут ішінде қозғалыс кезінде ол жол ережесін 12 рет бұзды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерік Насырбеков.

Toyota Land Cruiser жүргізушісіне қатысты барлығы 12 әкімшілік хаттама жасалды. 


Осы бұзушылықтар үшін салынған айыппұл мөлшері 225 мың 018 теңгені құрайды. Шешім қабылдау үшін қарсы жатқан жолаққа шыққан өндірістік материалдары Алматы қаласындағы СМАС-қа жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы