Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді

5 Қыркүйек 2020, 11:28
1638
Бөлісу:
Шымкентте ретсіз сауда орындарына рейд жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Төлеби көшесінің бойында орналасқан «Қырғы» базар маңындағы ретсіз саудаға кезекті  рейд жүргізілді,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қалаға жақын  аудандардан келген саудагерлер базар алдында өз тауарларын сатуға дағдыланған.

 Мұнда сатушылар аяқ жолдар мен автокөлік тұрақтарының орнын жайма базарға айналдырған. Шымкент қаласы полиция департаменті әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері аталған орындағы ретсіз сауда-саттықты жою мақсатында аудандық әкімдік өкілдерімен бірлесе тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді. 

Осы уақытқа дейін базар алдындағы абаттандырылған аймақты ластаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша жалпы 17 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.

Өзгелердің жаңалығы