Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті

5 Қыркүйек 2020, 21:40
1731
Бөлісу:
Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси ғылыми-ағартушылық журналының 100 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады министрліктің Telegram каналы.

Министр жиналғандарға мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаевтың атынан «Мысль» журналы ұжымына арнайы құттықтау хатын оқып берді. 

Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева цифрлық технологиялар дәуіріндегі «Мысль» журналы халықтың сұранысқа ие басылымы болып қала беретінін, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша қоғамдық-маңызды жұмыстарды жүргізуге бағытталған өзінің тақырыптық контенті бар екенін атап өтті.

Соңында, министр Аида Балаева еліміздің түрлі тақырыптық баспа басылымдарын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Өзгелердің жаңалығы