Шымкентте полиция мен еріктілер маска таратты

5 Қыркүйек 2020, 21:14
1236
Бөлісу:
Шымкентте полиция мен еріктілер маска таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте полиция қызметкерлері мен ерікті жастар бетперде таратты деп хабарлайды polisia.kz.

Шымкент қаласында халық арасында індеттің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мен ерікті жастар қоғамдық орындарда тұрғындарға тегін маска таратты. 

Карантин режимінің жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шараларын қатаң сақтап, санитарлық ережелерге бағыну қажет. Шараның басты мақсаты - тұрғындарға бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін және оны дағды етіп қалыптастыруды түсіндіру. 
Полицейлер мен ерікті жастар арнайы белгісі бар бетперделерді шаһардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда таратты. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыз. Айта кетейік, бұл шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы