Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

5 Қыркүйек 2020, 09:01
1787
Бөлісу:
Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, қыркүйектің 5-і — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

2017 жылы ҚР премьер-министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Атап айтқанда, осыдан үш жыл бұрын «Қазақстан Республикасында мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. 

5 қыркүйекке ауыстыру себебі – бұл күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында өмірге келген. Ол алғашқыда ауыл адамдарынан сауат ашып, кейіннен 1886-1891 жылдары Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқыды. Сосын Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын 4 жылдық мектепке оқуға түседі. Ол оқуды бітірісімен, ұстаздық қызметіне 1895-1909 жылдары кірісіп, Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Халықтың сауатын аша жүріп Ахаң қоғамда орын алып жатқан мәселелерге де сергек қарайды.



Өзгелердің жаңалығы