Америкалық сарапшылар ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтті

5 Қыркүйек 2020, 13:48
1204
Бөлісу:
Америкалық сарапшылар ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық беделді бейбітшілік және ядролық қарусыздану жөніндегі «Arms Control Association» үкіметтік емес ұйымы «Center for Policy Research» зерттеу орталығымен бірлесіп арнайы виртуалды брифинг өткізді.

Іс-шараның ашылуында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов осы датаның Қазақстан үшін символикасы мен маңыздылығын атап өтті. 

Семей ядролық сынақ полигоны 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жабылғаны мәлім. Сондай-ақ, Қазақстанның елшісі ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімді алғашқы әмбебаптандыру ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудің таптырмас шарты болуы қажеттігін жеткізді.

Америкалық және халықаралық сарапшылар ядролық сынақтарға жаһандық мораторийді сақтау және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту бойынша тиімді шаралардың, сондай-ақ Қазақстанның жаппай таратпау және қарусыздану саласындағы кеңінен қолдау тапқан бастамаларының өзектілігін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы