Атбасар ауданында жаңа прокурор тағайындалды

5 Қыркүйек 2020, 13:30
1731
Бөлісу:
Атбасар ауданында жаңа прокурор тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Батырбек Слямов Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Батырбек Еркімбекұлы Слямов 1985 жылы дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2006 жылы бастаған.

Әр уақытта Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы прокуратурасы бөлімінінің бастығы, Алматы ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент басқармасының прокуроры лауазымында қызмет атқарды.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Өзгелердің жаңалығы