Сенбі, 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

5 Қыркүйек 2020, 08:35
1202
Бөлісу:
Сенбі, 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің 5-і күні еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, республиканың тек солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың кейбір бөліктерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, кей жерге тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста дауыл тұрады, бұршақ жаууы да мүмкін деп болжанып отыр.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз дауыл тұрады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрып, түнде Шығыс Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде тұман түседі.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жеріне тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының солтүстігінде түнде кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы