Павлодар балабақшаларында 445 кезекші топ жұмыс істейді

5 Қыркүйек 2020, 20:14
1498
Бөлісу:
Павлодар балабақшаларында 445 кезекші топ жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл балабақшалар мен мектепке дейінгі шағын орталықтарға қабылданған тәрбиеленушілердің жалпы санының 41,4  пайызын құрайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Бүгінгі күні 82 мектепкедейінгі білім беру ұйымында 6620 баланы қамтитын 445 кезекші топ жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен  штаттық режимде жұмыс істеуге көшеді.  Тәрбиеленушілер үш жұмыс күнінен артық уақыт балабақшаға келмеген жағдайда учаскелік педиатрден денсаулық жағдайы туралы анықтама болған кезде ғана балабақшаға қабылданады, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі сектор меңгерушісі Бақыт  Қырықбесова. 
Сектор меңгерушісінің айтуынша, барлық балабақшалар infokazakhstan.kz  сайтында тіркеуден өтіп, тиісті келісімге қол қойылды. Балалардың балабақшаға баруы ата-ананың өтініші-келісімі негізінде, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы анықтама болған жағдайда жүзеге асырылады.

Барлық қызметкерлер мен балалардың таңертеңгі тексерісін (дене температурасын өлшеу, денесін тексеру, баланың әл-ауқатын тексеру) ұйымдастыруға бақылау күшейтілді. Дезинфекциялау іс-шараларын тиімді ұйымдастыру үшін жалпы жинау, желдету, кварцтау, ауыз су режимін қамтамасыз ету кестелері жасалып, бекітілді. ЖРВИ белгілері бар балалар анықталған кезде изоляторда қосымша қорғаныс құралдары қарастырылған. 
Қызметкерлер мен келушілердің қолдарын өңдеу үшін объектіде қолжетімді жерлерде антисептигі бар диспенсерлер, дезинфекциялық кілемше орнатылған. Балалар мекемелерінде пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, баспалдақ марштарының сүйеніштері, терезе тақтайшаларын, құмыраларды, топтардағы сантехникалық жабдықтарды үш рет өңдеу жүзеге асырылады, - дейді Бақыт Қырықбесова.
Еске сала кетейік, «Павлодар облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 16 тамыздағы № 10 қаулының негізінде ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында кезекші топтар ашылған болатын.
Өзгелердің жаңалығы