Павлодар облысында 1 тонна шөп пен аралардың ұясы жанып кетті

5 Қыркүйек 2020, 01:20
1147
Бөлісу:
Павлодар облысында 1 тонна шөп пен аралардың ұясы жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Железин ауданы Школьная көшесіндегі үйдің ауласында 28 шаршы метр алаңда өрт тіркелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт балалардың ойынынан шыққан. 

Өрт туралы хабарлама «101» пультіне кеше күндіз сағат 14:32-де түсті. Железин ауданының №16 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, отты сағат 15:33-те толық сөндірді. Тағы бір өрт оқиғасы Железин ауданындағы Мыңкөл станциясында орын алды. Екі бөлмелі тұрғын үйдің жатын бөлмесінде жалпы ауданы 28 шаршы метр аумақта үй заттары мен ағаш еден өртенді, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Железин ауданының №16 өрт сөндіру бекеті мен Михайловка ауылының өрт сөндіру бекеті қызметкерлерінің бірлескен күшімен өрт жарты сағаттың ішінде толығымен сөндірілді. Өрт сөндіруге 20 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру құрамаларының мүшелері көмектесті.

Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау Тереңкөл ауданының Жаңабет ауылындағы өртке себеп болды. Набережная көшесінде орналасқан үйдің ауласында жалпы аумағы 15 шаршы метр алаңда ағаш қалқа мен ара ұялары жартылай жанып кетті. Тереңкөл ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртті кешкі сағат жетіде сөндірді. Үй иесіне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді ведомствода. 

Сондай-ақ, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан Ертіс ауылында Гагарин көшесінде орналасқан дүкенде түнгі сағат үш жарымда өрт шыққан. Бір қабатты дүкен ғимаратының шатыры мен ішіндегі ағаш құрамалар жанған.

Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртті сағат 03:22-де ауыздықтап, сағат 03:47-де толықтай сөндірді.

Облыстық ТЖД өңір тұрғындарын балаларды өртену қаупі жоғары заттардың жанында қалдырмауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.


Өзгелердің жаңалығы