Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің экс тең төрағасына «Достық» ордені табысталды

5 Қыркүйек 2020, 16:43
1562
Бөлісу:
Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің экс тең төрағасына «Достық» ордені табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елші Дәурен Кәріпов стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің (ҚГІК) бұрынғы тең төрағасы, бұған дейін «Deutsche Bank» АҚ-ның бас атқарушы директорының лауазымын атқарған Петер Тильске 1-дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

Марапаттау рәсімі салтанатты түрде еліміздің Берлиндегі елшілігінің ғимаратында «Deutsche Bank» басқарма мүшесі Йорг Бонгарцтың, ГФР СІМ-нің «Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия» бөлімінің басшысы Анке Конрадтың, ГФР Экономика және энергетика федералдық министрлігінің сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Экхард Францтың, «DB Engineering & Consulting» компаниясының бас директоры, биыл П.Тильстің орнына ҚГІК тең төрағасы лауазымына тағайындалған Нико Варбаноффтың, сондай-ақ ГФР-дың басқа да қоғамдық-саяси және іскер топ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Дәурен Кәріпов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан екіжақты жемісті ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін П.Тильске жоғары мемлекеттік награданы табыстай отырып, «9 жыл бойы ҚГІК тең төрағасы лауазымын атқарған Петер Тильс экономиканың түрлі салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетті, бизнес өкілдері арасында байланыс орнатты, – деп атап өтті қазақстандық дипломат. 

Мемлекет басшылығына осындай жоғары награда үшін ризашылығын білдірген П.Тильс Қазақстан мен Германия арасындағы қатынастарды одан ары дамыту мен диверсификациалаудың зор әлеуетіне тоқталды.

Петер Тильс тәжірибелі банкир және қаржылық қызметтер басшылығында 40 жылдық еңбек өтілі бар. 1977 жылдан бастап ол «Deutsche Bank AG» компаниясында түрлі жоғары лауазымдар атқарды, банктің Еуропа және Орталық Америка елдеріндегі аймақтық бөлімшелерін басқарды. Жоғары деңгейдегі кәсібилігі мен еңбек тәжірибесі арқасында, 2007-2019 жылдар аралығында Қазақстан Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшесі болды.

Өзгелердің жаңалығы