Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингі тұрақты екені расталды

5 Қыркүйек 2020, 15:24
1595
Бөлісу:
Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингі тұрақты екені расталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «S&P Global Ratings» рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингін «BBB-» деңгейінде «тұрақты» деген болжамын растады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. 

Агенттіктің пікірінше, Қазақстанның рейтингін елдің тұрақты бюджеттік жағдайы қолдайды, оның ішінде Ұлттық қорда жинақталған қаражат пен сыртқы қарыздың төмен деңгейі, Қазақстан Республикасы Үкіметі экономикаға пандемияның жағымсыз көріністерін ауыздықтауға бағытталған шаралар, сондай-ақ биліктің үздіксіздігі арқылы мемлекеттік институттардың тұрақтылығы мен болжамдылығының жоғары деңгейі арқасында.

Рейтинг агенттігі басқа жетекші халықаралық қаржы институттарымен бірге қысқа мерзімде ұлттық экономиканың күрт қалпына келуін болжайды - орташа өсу қарқыны 2021-2023 жылдары шамамен 4% құрайды.

S&P 2019 жылы ұлттық экономиканың өсуінің негізгі факторы шикізаттық емес сектор, оның ішінде құрылыс, көлік және өңдеу секторы болғанын атап өтті. 2020-2022 жылдары шикізаттық емес сектор ұлттық өндірісті қалпына келтіру мен өсірудің қозғаушы күші болып қала береді.

Мәдиев хабарлағандай, биыл 9 наурыздан бастап «S&P Global Ratings» 57 елдің несиелік рейтингтері мен болжамдарын қайта қарады, соның ішінде Австралия, Бразилия, Чили, Жапония, Малайзия, Мексика, Эстония және Өзбекстан бар.
Өзгелердің жаңалығы