Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты шығарылады

5 Қыркүйек 2020, 16:26
1449
Бөлісу:
Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты шығарылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барды, кәсіпорын пандемия жағдайында өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының өндірісін ұйымдастырған.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған. ӨЖЖ аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған. 

1.JPG

Бүгінгі таңда жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізумен, оны 50% және одан да көп пайызға ұлғайту перспективасымен ӨЖЖ аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылуда. Өндірістік цикл кезеңінде жергіліктендіру деңгейі «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС-нің заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персонал құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады. ӨЖЖ аппараттары өндірісіне ҚР басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған, - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің жөнелтуге рұқсаты бойынша ӨЖЖ аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірі бойынша медицина мекемелеріне 1500 дана көлемінде жеткізілетін болады. 

ӨЖЖ аппараттарын құрастырумен қатар, кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің оқытылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, 24/7 режимінде техникалық қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорындарға 3 жыл бойы кепілдікті қызмет көрсету мерзімі ұсынылады.   

2.JPG

Үкімет басшысы өндіріспен танысып, еліміздің медицина мекемелеріне өнімдерді уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. 

«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС өндірістік алаңын аралауға Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Өзгелердің жаңалығы