Все новости за 6 ақпан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Зағиптер де заманға бейімделе алады – Тәңірбергенова
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда 1937 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Қазақ зағиптер қоғамы" қоғамдық бірлестігі зағип жандардың заман ағысынан қалыспай, жаңашылдықтарды меңгеруіне ықпал етіп келеді.
-
Ерекше балаларға арналған шеберхана
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық Нина Петрова психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналған шеберхана ашқан.
-
Супермаркет сөрелеріндегі сүт неге ұзақ уақыт бұзылмайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ересек адамдардың ағзасына сүт және қышқыл сүт өнімдері зиян келтіре ме? Масс-маркеттерде таза сүт өнімдерінің қалмағаны қаншалықты рас? Сарапшылар сүт пен сүт өнімдеріне қатысты танымал мифтерді жоққа шығарды.
-
"Қара майор" телеарналардан көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аңызға айналған "Қара майор" туралы "Қазақфильм" түсірген деректі фильмді республикалық телеарналардан көрсетеді.
-
Қазақстанда 1,7 млрд теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы елімізде 1,7 млрд теңгенің контрабандалық тауарлары мемлекет кірісіне тәркіленді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
-
Израиль инвесторлары Түркістан облысында қарбызды сусыз егіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаевтың халыққа есеп беру кездесуінде өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды.
-
Бакуде Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Cыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысына қатысты.
-
Көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон заңнамасының жаңа ережелеріне сәйкес 5 күн ішінде шетелдіктерді уақытша тіркеу жойылды.
-
Қаңтар айында бензин бағасы 2,7% қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде қаңтар айында көкөніс – 5,6, жұмыртқа – 1,6, жарма – 1,5, макарон өнімдері – 1%-ға қымбаттаған.
-
Алматы әуежайындағы санитарлық-карантиндік бақылау тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров төрағалық ететін коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штаб Алматының халықаралық әуежайына келетін барлық халықаралық рейстерге, әсіресе қауіпті аймақтардан келушілерге жүргізілетін күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстарын тексерді.
-
Түркістанда салығы төленбеген шетел көліктері тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Атамекен" кеден бекетінде заңсыз өтпек болған 11 бағалы автокөлік тәркіленді.
-
Бюджет қаржысын жымқырған Атырау әкімінің экс-орынбасары 2 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сонымен қатар, Нұрсәуле Сайлауова "Құрмет" Ордені мемлекеттік наградасынан айырылды.
-
Екібастұз қаласының экономикасына 162 млрд теңге инвестиция құйылды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Екібастұз қаласының экономикасына 162 млрд теңге тартылған. Бір жыл ішінде ілкімді жобалар жүзеге асырылып, жемісін берді.
-
"Алматы-2 – Орал" пойызының жолаушылары билет құнын 100% қайтара алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ Алматы-2 станциясынан 2020 жылдың 6 ақпанында жөнелтілетін "Тұлпар-Тальго" ЖШС вагондарынан жасақталған "Алматы-2 – Орал" бағытындағы № 51 жолаушылар пойызы қатынасының тоқтатылғанын хабарлайды.
-
Абай-175: Ертіс өңірінде ақынның құрметіне аталған екі ауыл, 128 көше мен жеті мектеп бар
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Абай Құнанбаевтың құрметіне аталған екі ауыл, 128 көше мен жеті білім беру мекемесі бар. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде бұл жерлерде абаттандыру шаралары қолға алынады.
-
Ақтөбеде студенттер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде студенттер арасында төбелес болды. Оның ішінде пышақ жарақатын алғаны бар. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақтөбе облысында дәстүрлі емес шаруашылық түрі қарқынды дамуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл сала бойынша биылғы жылы тағы қосымша 70 шаруашылық ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
Павлодар облысында медициналық маска тапшылығы жоқ
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде эпидемиологиялық кезеңде жергілікті дәріханаларда медициналық маска тапшылығы жоқ. Бұл туралы санитарлық дәрігерлер хабарлады.
-
Интернет арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған студент ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында полицейлер есірткі заттарды сақтады деген күдікпен жергілікті колледждің студентін ұстады.
-
Уханьнан келген 80 адам үйіне қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарды бақылаудың жай-күйі туралы айтып берді.
-
"Уханьнан ауырып ұшып келдім" деп өтірік айтқан канадалық тұтқындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Канадалық бір блогер ұшу кезінде қасындағылардың бәріне "ауырып Уханьнан ұшып келдім" деп өтірік айтқан. Келгеннен кейін ол бірден тұтқындалды және мұны репостар жинау үшін жасағанын толық мойындады.
-
Азия чемпионатына қатысатын балуандар тізімі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Азия чемпионатына қатысатын құрамды жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Министрлік: Масканы суық тию белгілері болған жағдайда ғана кию қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп күн сайын медициналық бетперде кию қажет емес екенін айтты.
-
"Сергек" айыппұлдан бөлек елорданың ауа сапасын анықтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сергек" жобасының құрамына Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасын өлшеуге арналған дербес құрылғы - 50 экодатчик кіретінін бірі білсе, бірі біле бермейді.
-
Косарев ет мәселін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте депутат Владислав Косарев белсенділік танытты. Ол екі бірдей жиналыста сұрақ қойды.
-
Стамбұлдағы ұшақ апатынан жарақат алған қазақстандықтар ауруханадан шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Маңғыстау облысында пара алу дерегі әкімдіктерде жиі кездеседі
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аймақтық департаментінің өкілдері мәлімдеді.
-
МӘМС: Кім тісін тегін емдете алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. тілшісі. МӘМС, яғни медициналық сақтандыру аясында кімдер стоматологқа келіп, тегін қарала алады және жекеменшік клиникаларда қандай медициналық көмекті ақысыз алуға болады? Бұл сұраққа елордада орналасқан "Медикер Астана" жекеменшік медициналық орталығының директоры және дәрігер-стоматолог жауап берді.
-
Абай-175: Алматыда ақынның ескерткіші ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
-
Президент әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлер президентке еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен оны әрі қарай дамыту перспективалары жайында айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
"Орал – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 5 ақпанында 21.07 сағатта "Орал – Алматы-2" қатынасындағы №52 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты "Қарағанды – Ағадыр" (Қарағанды облысы) учаскесінің "Нілді – Айса" аралығында тоқтап қалды.
-
Абай-175: Әлемнен ақын мұралары жиналады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әлемнің 29 мемлекетімен байланыс орнатқан облыстық Пушкин атындағы кітапхана Абайдың мұрасын жинауда.
-
Тұрғындар жол сапасын Telegram-ға жолдай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. тілшісі. USO_bot телеграмм желісі арқылы әрбір белсенді азамат шұңқырлардың фотосуреттерін, автожолдардағы ақауларды тікелей жібере алады. "Сапалы жол – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі автомобиль жолдарының сапасын нақты уақыт режимінде бағалауға арналған тестілік мобильді қосымшаны әзірледі.
-
Қазақстан елшісі Эстония президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Кадриорг" президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының президенті Керсти Кальюлайдқа сенім грамоталарын тапсырды.
-
Стамбұлдағы әуе апаты: Қазақстанның екі азаматы жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де Стамбұл әуежайына қолайсыз қону барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан ҚР екі азаматы жарақат алған.
-
Әлеуметтік кәсіпкерлікке тектен-тек келмейді – жас ана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Әрекет" жобасының жеңімпазы Арайлым Нұғыманова мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беретін орталық ашып, әлеуметтік кәсіпкер қызметіне келген. Негізгі мамандығы - журналист.
-
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Щеглова Динара Ринатқызы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.
-
Энергетика вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды.
-
Біртанов коронавирусты анықтайтын тест-жүйемен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қалалық ұлттық сараптама орталығы бөлімшесінің вирусология зертханасына барды, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Құны 10 млн теңге тұратын автокөлікті пара ретінде алған шенеунік тергеліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында Рудный қалалық құрылыс бөлімінің экс-басшысы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанда 10 млн теңге тұратын автокөлікті пара ретінде алған. Бұдан басқа, Рудный қаласында аттракционның құрылысына бөлінген 160 млн теңгені жымқыру фактілері белгілі болды.
-
5,8 млн теңге жалған купюралар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен жылы 5,8 млн теңгеге 1319 жалған ақша белгісі анықталды, деп жазады 7kun.kz.
-
Қазақстанда тұрғын үй кезегін жылдамдату үшін пара алу фактілері жиі кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қолдау үшін жыл сайын бюджет қаражатынан миллиардтаған сома бөлінеді. Бірақ, бұл сектордың дамуына сыбайлас жемқорлық фактілері кедергі келтіріп отыр.
-
"Жусан" аяқталды: Сирияда әлі 100-ден астам қазақстандық жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Жусан" гуманитарлық операциясының төрт кезеңі аяқталды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков айтты.
-
Нұр-Сұлтанда "Әрекет" жобасының жеңімпаздары жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін грант ұтқан әлеуметтік кәсіпкерлер жұмыс барысындағы қиындықтарды ортаға салып, арнайы оқу барысында шешу жолдарын тапты.
-
Жол сапасын сараптамадан өткізуге жеткілікті қаржы бөлінбей отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы республикалық маңызы бар жөнделген жолдардан 5 мыңнан астам ақау табылған. Алайда, жергілікті әкімдіктер салынған тасжолдардың сапасын сараптамадан өткізуге қаржы аз бөліп отыр.
-
"Халықаралық түрме реформасының" басшысы елордалық тергеу изоляторына барды
Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторын аралаған халықаралық деңгейдегі қонақ жазаларды орындау саласындағы оң өзгерістерді байқағанын айтты. Әсіресе, Флориан Ирмингер аталған ҚАЖ мекемесінің аумағындағы фронт-кеңсенің жұмысын ерекше атап өтті.
-
Сенатта бюджет шығынын талап етпейтін конвенция қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында тағы бір конвенция мақұлданды.
-
Италиялық қыздың қызыл иегіне шаш өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия тұрғыны тіс жиегінде шаш өскен соң дәрігерлерге жүгінген. Бұл туралы Oral Surgery, Oral Medicine, Oral Pathology, Oral Radiology журналында жазылған.
-
Үлкен Алматы көлі халықаралық ТОП-5 туристік бағыттар қатарына енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубайда 1978 жылдан бастап күнделікті түрде ағылшын тілінде жарыққа шығатын Gulf News газеті оқырмандар таңдауымен анықталған әлемдегі ТОП-20 туристік бағыттарды жариялады.
-
Абай-175: Тарихи телехикаяның актерлеріне кастинг жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды.
-
Реформаларды талдау және мониторингілеу орталығы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығы құрылды.
-
"Қазпошта" Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы басшысы сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазпошта" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бұрынғы директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды.
-
Жапониядағы кемеде тағы 10 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Круиз кемесіндегі тағы 10 адамнан коронавирус анықталды.
-
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 560 адамнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырғандар саны 19665 адамға жетті. Жұқтырғандардың ішінен 633 адам сауығып кетті.
-
Ең бір жалынды сәтімді туған жерге арнаған дұрыс деп шештім – резерв мүшесі
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған Президенттік жастар кадрлық резервінің қорытындысы жарияланып, 300 маман іріктеліп алынған болатын. Бүгінде осы құрамнан табылған жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалуда.
-
Сегіз боксшымыз халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай мемориалында жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды деп хабарлайды ҰОК ресми сайты.
-
Ұлттық кеңес: Президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады
Осыдан бұрын хабарлағанымдай, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін, Президент Әкімшілігінің жетекшісі қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді.
-
АҚШ сенаты Трамптың импичментін ақтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ сенаты импичмент процесіндегі екі пункт бойынша президент Дональд Трампты ақтап шықты. Осылайша, Ақ үй басшысы жауапқа тартылмайды және биліктен шеттетілмейді.
-
Стамбұлдағы ұшақ апаты: қайтыс болғандар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаза тапқандар саны үш адамға жетті, ал бортта болған 179 адам зардап шекті.
-
Ғалымдар қатерлі ісіктен тиімді қорғану жолын тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германиядағы Оснабрюк университеті мен АҚШ-тағы Санта-Фе институтының ғалымдары тірі ағзалардың, соның ішінде адам жасушаларының қатерлі ісікке шалдығуының алдын алуға болатындығын анықтады. Ісіктерге қарсы табиғи қорғаныс табылғандығы туралы MedicalXpress-тегі баспасөз хабарламасында айтылған.
-
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 ақпанда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледіК.
-
6 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 6 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
-
Павлодарда мүмкіндігі шектеулі әйел кәсіпкер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гүлшат Молдиярова бірінші топ мүгедегі. Ол 2019 жылы "Еңбек" бағдарламасы аясында тегін білім алып, қайтарымсыз грантқа ие болған.
-
171 мың тұрғыны бар Түркістан көркейе түседі – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен биылға жоспарланған міндеттер туралы есеп берді. Шаһар басшысының жаңа форматтағы есебіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оң бағасын берді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Коронавирустың салдарынан қытайлықтар сәнді киімнен айырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Adidas компаниясы коронавирустың таралуына байланысты Қытайдағы брендтік дүкендерінің біршамасын жабатынын мәлімдеді.
-
Қарағанды облысында гидроқұрылыстарды паспорттау жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында гидроқұрылыстарды паспорттау жүргізіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Google қолданушылар туралы деректерді жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Google компаниясы пайдаланушылар мәліметтерінің кездейсоқ жарияланып кетуін мойындады. Олардың жеке бейнелері жүйелі қателерге байланысты болды, деп хабарлайды 9905google.
-
Ақмолада педагог мамандар тапшы
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде педагог мамандардың жетіспеушілігі әлі де өткір мәселе күйінде қалып отыр.
-
Өз қолыңмен өсірген өнімнен пайда табу үлкен қуаныш – кәсіпкер
Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мейрамбек Қазиев 10 жыл бұрын газ баллоны жарылған кезде бір аяғынан айырылған. Үш баланың əкесі өткен жылы "Бизнес бастау" жобасы аясында оқып, 500 000 теңгенің қайтарымсыз грантына ие болған.
-
Генерал Владимир Бондаренко 70 жасқа толды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында отставкадағы генерал-майор Владимир Бондаренконың 70 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.
-
Пробация қызметкерлері ерікті жастармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Еріктілер жылы" аясында Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Пробация қызметінің қызметкерлері бірқатар ерікті жастармен кездесу өткізді, деп жазды департамент facebook-тегі парақшасында.
-
39 әлеуметтік жоба аясында шамамен 400 мың адамға көмек көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық бағыттағы 39 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылып, оның аясында жалпы 390 000-нан астам адам қолдау тапты. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметінен хабарлады.
Наверх