Уханьнан келген 80 адам үйіне қайтарылды

6 Ақпан 2020, 17:07
1223
Бөлісу:
Уханьнан келген 80 адам үйіне қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарды бақылаудың жай-күйі туралы айтып берді. 

Дене қызуымен ауруханаға түскен 80 адам үйлеріне қайтарылды.

Қазірге дейін жалпы 110 адам дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 105 науқас жаңа коронавирустық инфекцияға тексерілді. Коронавирус анықталған жоқ. 80 адам үйлеріне қайтарылды. 30 адам ауруханада жатыр. Науқастардың жағдайы жақсы, - деп мәлімдеді Диас Ахметшәріп "ҚазМедиа" орталығында өткен баспасөз брифингінде. 
Министрлік өкілі Ухань қаласынан Нұр-Сұлтан, Ташкент және Түмен қалаларына эвакуацияланған біздің және Беларусь пен Армения азаматтарының денсаулығы жақсы екенін баса айтты. 
Барлығының денсаулығы жақсы. Олар Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тұрақты бақылануда, - деді спикер.
Естеріңізге сала кетейік, бетперде өндірушілер мен дистрибьютерлер барлық қорларын Қытайға сатқан. Осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салып отыр. Сондай-ақ, канадалық бір блогер ұшу кезінде қасындағылардың бәріне "ауырып, Уханьнан ұшып келдім" деп өтірік айтқандығы туралы да жазған болатынбыз. 
Өзгелердің жаңалығы