Жапониядағы кемеде тағы 10 адам коронавирус жұқтырған

6 Ақпан 2020, 10:19
1861
Бөлісу:
Жапониядағы кемеде тағы 10 адам коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Круиз кемесіндегі тағы 10 адамнан коронавирус анықталды.

Дүйсенбіден бері карантинде болған Жапонияның префектурасындағы Канагавада рейдте тұрған круиз кемесінде коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Киодо агенттігі хабарлады.

Diamond Princess круизінде болған жолаушылардың бірінен коронавирус анықталғаннан кейін дүйсенбіден бастап Жапонияның Йогокама портында карантин жарияланды. 

Кеме Йокогамадан 20 қаңтар күні Кагосима – Гонконг – Окинава бағытымен шыққан және дүйсенбі Йокогамаға қайтып келу керек болған.

Алайда жолаушылардың бірінен – Гонконгтың  80 жастағы тұрғынынан коронавирус анықталды. Дүйсенбі күні бірнеше жолаушы өздерін әлсіз сезінген. Содан соң Жапония билігі кемені рейдке қойып, ішіндегі 3700 жолаушы мен экипаж мүшелерін тексеруге шешім шығарды.
Өзгелердің жаңалығы