"Алматы-2 – Орал" пойызының жолаушылары билет құнын 100% қайтара алады

6 Ақпан 2020, 19:03
1612
Бөлісу:
"Алматы-2 – Орал" пойызының жолаушылары билет құнын 100% қайтара алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ Алматы-2 станциясынан 2020 жылдың 6 ақпанында жөнелтілетін "Тұлпар-Тальго" ЖШС вагондарынан жасақталған "Алматы-2 – Орал" бағытындағы № 51 жолаушылар пойызы қатынасының тоқтатылғанын хабарлайды.

Алматы-2 станциясынан жоғарыда аталған пойыз жолаушыларын тасымалдауды ұйымдастыру үшін "Тұлпар" вагонжасау зауыты" ЖШС-ның 2019 жылы шығарған стандарттық вагондарынан тұратын "Алматы-2 – Орал" қатынасындағы №501/502 бір реттік пойызы тағайындалды.

Оралға келген соң "Алматы-2 – Орал" қатынасындағы №501/502 жолаушылар пойызы 2020 жылдың 8 ақпанында Алматыға жөнелтіледі.

Жолаушылар алдын ала сатып алынған жол жүру құжаттарын (билеттерін) пайдалана алады немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан жол жүру құжаттарының 100% құның қайтарып алуына болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және де түсіністік пен шыдамдылық таңытқан жолаушыларға алғыс білдіреді.

Бұған дейін, 2020 жылдың 5 ақпанында 21.07 сағатта "Орал – Алматы-2" қатынасындағы №52 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты "Қарағанды – Ағадыр" (Қарағанды облысы) учаскесінің "Нілді – Айса" аралығында тоқтап қалып, әрі қарай жүруін тоқтатқаны туралы хабарлағанбыз.


 


Өзгелердің жаңалығы