Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 560 адамнан асты

6 Ақпан 2020, 10:01
1140
Бөлісу:
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 560 адамнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус жұқтырғандар саны 19665 адамға жетті. Жұқтырғандардың ішінен 633 адам сауығып кетті.

Қытай территориясында 2019-nCoV коронавирус жұқтырғандар саны 27,4 мың адамға жетті. 562 адам қайтыс болды. Бұл туралы CCTV хабарлады.

Оның ішінде Қытайдың Хубэй провинциясынан 549 адам қаза тапты. Провинцияда вирус жұқтырғандар саны 2987 артып, 19665 адамға жетті. 633 науқас сауығып кетті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар анықталған жоқ. Алматыда қауіпті аймақтан келген 25 адам ЖРВИ мен тұмау белгісімен ауруханаға жатқызылған. Олардың 11-і қазір емделіп шықты. 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус анықталып жатса, оған қарсы тұратын препараттар қорда бар екенін айтты.  


Өзгелердің жаңалығы