Генерал Владимир Бондаренко 70 жасқа толды

6 Ақпан 2020, 02:25
2056
Бөлісу:
Генерал Владимир Бондаренко 70 жасқа толды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында отставкадағы генерал-майор Владимир Бондаренконың 70 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

Шараға Алматы гарнизонынң әскери қызметшілері, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, сондай-ақ әскери оқу орындарының курсанттары мен тәрбиеленушілері қатысты.
Генералдың бүкіл өмірі Отанға адал қызмет етудің, әскери қызметін адал атқарудың үлгісі. Бүгінде құрметті еңбек демалысына шыққанына қарамастан өскелең ұрпаққа партиоттық тәрбие беруде, ерлікке баулу ісіне белсене араласып келесіз, - деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Салтанатты кеш генералдың өмірбаяны баяндалған деректі фильммен басталды. Мерейтой иесіне Қорғаныс министрлігі мен ҚК Бас штабы лауазымды тұлғаларының атынан грамоталар ұсынылды. Қызметтестері, Алматы қаласының және Алатау аудандық жергілікті әскери басқару органдары және кеш қонақтары алғыс хаттарын тапсырып, генералдың еліміздің қорғаныс саласына қосқан үлесін ескеріп, алғыстарын жеткізді.

Генерал-майор Владимир Бондаренко саналы ғұмырын әскерге арнаған, оның тағдыры Қазақстанның Қарулы Күштерінің дамуымен қоса өрілген. Ол "көне көз" аталып кеткен өз кәсібіне адал тәрбиешілердің қатарына кіреді. Владимир Бондаренко қазақстандық армияның қалыптасуы кезеңінде тәрбие құрылымдарының дамуына ерен үлесін қосқан. Әскери қызмет атқару барысында бүгінде еліне адал қызмет атқарып келе жатқан көптеген офицерлерді дайындап, тәрбиелеп шығарған.

Жауынгерлік қызметі үшін "Отанға қызмет еткені үшін" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.


Өзгелердің жаңалығы