"Орал – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтап қалды

6 Ақпан 2020, 14:46
2267
Бөлісу:
"Орал – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 5 ақпанында 21.07 сағатта "Орал – Алматы-2" қатынасындағы №52 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты "Қарағанды – Ағадыр" (Қарағанды облысы) учаскесінің "Нілді – Айса" аралығында тоқтап қалды.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 182 жолаушы келе жатқан, құрамында 29 вагоны бар жолаушылар құрамын Қарағанды станциясына қайтару туралы шешім қабылданған. "Орал – Алматы-2" қатынасындағы №52 жолаушылар пойызының ары қарай жүруі сонымен тоқтады.

Аталған ақау пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді. Ақау екі вагон аралығынан табылып отыр. Оны "ҚР-дағы Patentes Talgo S.L." испандық компанияның мердігер ұйымының мамандары жоятын болады.

"Орал – Алматы-2" қатынасындағы №52 жолаушылар пойызының Қарағанды станциясына шамамен сағат 11:30 сағатта келеді.

Қарағанды станциясына келгеннен кейін №52 пойыз жолаушылары "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан жол жүру құжаттарының 100% құның өндіріп ала алады. Сондай-ақ Алматыға жол тартқан жолаушыларға "Қостанай-Алматы-1" қатынасындағы № 44 және "Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Алматы-2" қатынасындағы жолаушылар пойыздарымен сапарларын жалғастыруды ұсынамыз.

Құрам тоқтап тұрған уақытта жолаушылар пойыздың вагон-мейрамханасында ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Орын алған жағдай тиісті құрылымдардың жіті бақылауында.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және түсіністік пен шыдамдылық таңытқан жолаушыларға алғыстарын білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы