Қазақстан елшісі Эстония президентіне сенім грамоталарын тапсырды

6 Ақпан 2020, 14:09
1705
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Эстония президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Кадриорг" президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының президенті Керсти Кальюлайдқа сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында президент К.Кальюлайд Қазақстан басшылығының Эстонияда елшілік ашу туралы шешімін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, елші Н.Сейтімов екіжақты іс-қимылда тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін және жаңадан ашылған елшіліктің күш-жігері оны сөзсіз жүзеге асыруға бағытталатындығын атап өтті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары - цифрландыру, транзит және логистика, ауыл шаруашылығы, заңнамалық базаны нығайту және кеңейтуғ - делінген ақпаратта.

 Эстонияның президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.

Сөз соңында президент К.Кальюлайд Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы