Стамбұлдағы әуе апаты: Қазақстанның екі азаматы жарақат алды

6 Ақпан 2020, 13:57
1775
Бөлісу:
Стамбұлдағы әуе апаты: Қазақстанның екі азаматы жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де Стамбұл әуежайына қолайсыз қону барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан ҚР екі азаматы жарақат алған.

Жарақат алған қазақстандықтар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген.

Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, азаматтарымызға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Стамбұлдағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар саны артқаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы