Тұрғындар жол сапасын Telegram-ға жолдай алады

6 Ақпан 2020, 14:17
1426
Бөлісу:
Тұрғындар жол сапасын Telegram-ға жолдай алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. тілшісі. USO_bot телеграмм желісі арқылы әрбір белсенді азамат шұңқырлардың фотосуреттерін, автожолдардағы ақауларды тікелей жібере алады. "Сапалы жол – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі автомобиль жолдарының сапасын нақты уақыт режимінде бағалауға арналған тестілік мобильді қосымшаны әзірледі.

Мұнда 154 пайдаланушы тіркеліп, жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан астам 800 сапарға шыққан. Бұл туралы "Сапалы жол – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің әкімшісі Нұрсұлтан Бекінов Агенттікте өткен баспасөз брифингінде айтты. 
Жобалық кеңсе "BTS Digital" компаниясымен және шетелдік IT компаниясымен бірлесіп, деректерді ашық базаға бере отырып, жол жабынының тегістігін және олардың географиялық координаттарын автоматты түрде тіркейтін автомобиль жолдарының сапасын нақты уақыт режимінде бағалауға арналған тестілік мобильді қосымшаны әзірледі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, қосымшада 154 пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 40 белсенді азаматтар бар, олар қосымшаны пайдалана отырып, жалпы ұзындығы 10 мың километрден астам, 800 - ден астам сапарға шықты, - деді Нұрсұлтан Бекінов. 

Оның айтуынша, жүйе жақсы жағдайды көрсеткен. Алайда, кедір-бұдырлар мен шұңқырлар тіркелген учаскелер бар екен.
Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының Алматы және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында, Мәңгілік Ел және Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жол айрығы және Алаш тас жолындағы учаскелерде кедір-бұдырлар мен шұңқырлар тіркелген, - деп атап өтті ол. 

Сондай-ақ автомобиль жолдары туралы сапалы және объективті деректер алу мақсатында Жобалық кеңсемен мүдделі тараптармен бірлесіп, жүргізушілер арасында осы тестілік қосымшаны тарату бойынша жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда Орталықта USO_bot телеграмм ботының соңғы пысықтауын жүргізуде, оның шеңберінде әрбір белсенді азамат шұңқырлардың фотосуреттерін, автожолдардағы ақауларды, құрылыс-жөндеу жұмыстары барысында бұзушылықтарды. жібере алады, - деп хабарлады "Сапалы жол – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің әкімшісі Нұрсұлтан Бекінов.


Өзгелердің жаңалығы