Маңғыстау облысында пара алу дерегі әкімдіктерде жиі кездеседі

6 Ақпан 2020, 15:47
3265
Бөлісу:
Маңғыстау облысында пара алу дерегі әкімдіктерде жиі кездеседі
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аймақтық департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Департамент басшысының орынбасары Серік Қаныбековтың сөзінше, өткен жылы әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінде 66 сыбайлас жемқорлық дерегі жасалғаны анықталып отыр.

Бұдан кейінгі орында денсаулық сақтау саласы (8 дерек) тұр, ішкі істер саласының құрылымдық бөлімдерінде жеті, ауылшаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері төрт рет қылмысқа барған.

Серік Қаныбеков.jpeg

Біз Маңғыстау өңірде іске асып жатқан мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды да бақыладық. Осы салада 19 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп отыр. Атап айтсақ, "Өңірлерді дамыту - 2020" бағдарламасы бойынша - 9, "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша - 7, "Білім және ғылымды дамыту", "Денсаулық сақтауды дамыту" мен "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламалары аясындағы жобаларды іске асыру кезінде бір-бір деректен сыбайлас жемқорлыққа бару фактілерін анықтадық, - деді ол.
Ведомствоның тергеу басқармасының басшысы Бауыржан Баймырзаның бүгінгі брифингте келтірген мәліметтерге сүйенсек, осы аталған сыбайлас жемқорлық деректерінен мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы 558 млн 600 мың теңгегі құраған. Бұл, 2018 жылға қарағанда 187,9 млн теңгеге, яғни үш есеге артық көрсеткіш.

Бір қуантарлығы, жемқорлар қолды еткен 558 млннан астам мемлекет қаржысының 554 млн 400 мың теңгесі бүгінде өндіріліп алынды.

Бауыржан Баймырза.jpeg

Біз жер қатынастары саласында 54 қылмыстың, денсаулық сақтау бағытында 12, құрылыс саласында 11, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері барған төрт қылмыстың жолын кестік. Мәселен, Түпқараған
ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы И.Науханов пен Ақшұқыр ауылының әкімі М.Ізтұр 263 жеке және заңды тұлғаға заңсыз жер телімдерін берген. Осы ретте мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілді. Сот үкімімен әлгі тұлғалар сотталды, - деді Бауыржан Серікұлы.
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа үшінші билік - сот органдарының өкілдері де баруы да көңіл қынжылтады.

Мысалға айтсақ, Жаңаөзен қалалық соттың судьясы А.Сейлханова 500 мың теңге парамен ұсталып, оған 25 млн теңге айыппұл салынды. Ол бұл ақшаны қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығару үшін екі азаматтан талап еткен.

Былтыр сыбайлас жемқорлықтық жолын кесуде көмек көрсеткені үшін 13 азамат марапатталды 

Оларға жалпы сомасы 2,5 млн теңге болатын сыйақы берілген. Ал 2018 жылы пара алу дерегінің жария болуына атсалысқан алты адам 914 мың теңге көлемінде сыйақы алып отыр.

Жалпы айтсақ, 2019 жылы 137 қылмыс тіркелді. Күдік ретінде 55 адам жауапқа тартылып, 114 қылмыстық іс сотқа жіберілген. Анықталған және өндірілген материалдық залал сомасы 2,1 млрд теңгені құрап отыр. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 641 млн 600 мың теңгеге артық сома.

Осы текстес қылмыстық істерді тергеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 115 ұсыныс енгізілді, (2018 жылы 69 ұсыныс берілген еді). Осы аталған ұсыныстардың негізінде былтыр 43, екі жыл бұрын 59
лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді брифингтегі сөзінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің штаб басшысы Қайрат Зұлпықаров.
Қайрат Зұлпықаров.jpeg

Қайрат Амантайұлының айтуынша, былтырғы жылы алдын ала сөз байласу арқылы пара алу және бюджет қаражатын тұрақты жымқыру жөнінен бес дерек белгілі болған. Олар бойынша анықталған және өндірілген залал сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ облыстық филиалының басшылары ұйымдастырған қылмыстың жолы кесілді. Олар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатын республикалық маңыздағы жол салушы мердігер компаниядардан бірнеше рет заңсыз сыйақы алған. Осындай күдікпен қылмыстық іс сотқа жолданды. Нәтижесінде, мемлекет пайдасына 552 млн 200 мың теңге өндірілді, - деді ол.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне жергілікті шенеуніктер 16 рет заңсыз араласқан.

Ең сорақысы, облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г. Сүйеуова жеке бас пайдасын көздеп, жергілікті ұйымның "Өңірлерді дамыту" және "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясындағы ақпараттық турларда мемлекеттік сатып алулар бойынша заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірген. Осы әрекеметімен 20 млн теңге залал келтірді.

Бұл дерек дәлелденіп, айыпталушы қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен кінәлі деп танылды. Оған 2,5 млн теңге айыппұл салынған. 18 инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу шаралары жүргізілуде.

Бұл жұмыстарды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті "Бизнес пен инвестицияларды қорғау" жобасы аясында жүргізіп келеді. Айта кетейік, жоғарыда аталған инвестициялық жобалар 1 трлн теңгеден астам қаражатқа жүзеге асып жатыр.

Брифингте айтылған тағы бір маңызды ақпар - өңірімізде жүзеге асып жатқан "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы болды.

Қазіргі уақытта бұл картаға 476 мемлекеттік және өзге ұйымның бюджеті туралы ақпарат салынған. Әлгі ұйымдар қатарында 27 колледж, 139 мектеп, 102 балабақша, 30 медициналық нысан, 51 мәдениет және спорт мекемелері бар.

Өзгелердің жаңалығы