Ақмолада педагог мамандар тапшы

6 Ақпан 2020, 03:55
2636
Бөлісу:
Ақмолада педагог мамандар тапшы

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде педагог мамандардың жетіспеушілігі әлі де өткір мәселе күйінде қалып отыр.

Бүгінгі күні облыс орталығында 1217 бос жұмыс орны бар. Алғашқы орында бастауыш сыныпқа білім беру мен емдеу ісі қызметтері тұр.Негізінен кеңсе қызметкерлерінен бөлек, дәнекерлеуші, көлік жүргізушілер мен күзетшілер көптеп қажет.

Мамандардың айтуынша, көбіне есепші мамандығы бойынша жұмысқа орналасу қиынға соғатын көрінеді. Себебі, ол мамандарға қойылатын талап жоғары. Кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және мемлекеттік сатып алу жүйесін білуі шарт. Әйтсе де біліміне біліктілігі сай мұғалімдер тапшылығы сезіліп отыр.

Бүгінде Көкшетау қаласында нарықта сұранысқа ие мамандар - дәрігерлер. Сонымен қатар медбикелер мен санитарлар да аса қажет. Ал,білім саласына келетін болсақ, облыс орталығының өзінде ұстаздар мен
тәрбиешілер жетіспеуде. Біздің орталыққа күніне 20-дан астам азамат келіп тіркеледі. Жыл сайын оқушылар саны артып келеді. Сондықтан да мұғалімге деген сұраныс әлі де өсуі мүмкін. Басқа да қызмет түрлеріне тоқталатын болсақ, қала бойынша аула тазалаушылар, күтушілер, көлік жүргізушілер, тігіншілер, күзетшілер сұранысқа ие, - дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Александр Солодна.
Бүгінде жоғары оқу орнын аяқтап, қолдарына диплом алған студенттер қаншалықты өз мамандықтары бойынша еңбек етуде? Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеттің мансап орталығы маманының айтуынша, түлектердің 80 пайызы таңдаған мамандығының иесі атанып отыр.
Түлектерді жұмысқа орналастыру - жоғары оқу орны басшыларының басты мақсаты. 2019 жылы университеттің күндізгі оқу бөлімін 785 бакалавр аяқтаған  болатын. Яғни, 785 студенттің 576-сы жұмысқа орналасқан. Ол 73% көрсеткіш. Ал нақты мамандығы бойынша 422 студент жұмыс  істеп жатыр. Бүгінде 116 бакалавр магистратурада оқуын жалғастыруда. Былтыр педагогикалық және техникалық мамандықтарға грант көп бөлінді. Облыс әкімінің арнайы гранттары тағайындалып, жас мамандарды баспанамен қамту мәселесі де шешімін табуда. Мұның өзі маман тапшылығының жоюға игі ықпал етері сөзсіз, - дейді Ш. Уәлиханов атындағы КМУ мансап орталығының жетекшісі Мәрден Байдалин.
 Техникалық мамандықтар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандарына сұраныс қашанда жоғары. Осы ретте талапкерлер нарыққа қажет мамандықты таңдауға көңіл бөлсе игі дейді мамандар. 

Өзгелердің жаңалығы