Все новости за 21 қаңтар 2026
-
-
Кентауда екі өгей қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Түркістан облысының Кентау қаласында кәмелетке толмаған екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен 45 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
-
Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды
Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Тұран шағынауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкен қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бейнеудегі жол апаты: облыс әкімі зардап шеккендердің жағдайымен танысты
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына барып, Ақтау – Бейнеу автожолында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен науқастардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Қарлы боран: Алматы мен 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 22 қаңтарда Алматы қаласында және Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституциялық комиссия құрылады: Тоқаев Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған құжатта көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТЖМ тікұшағы ауыр жағдайдағы нәрестені Атырауға жеткізді
ТЖМ тікұшағы ауыр хәлдегі нәрестені шұғыл түрде Атырауға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушыларға арналған "Болашақ прокурорлар клубы" ашылды
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында елорданың 17 мектебінде Өтеген Сейітов атындағы «Болашақ прокурорлар клубы» ашылды. Клубтың ашылу салтанаты №73 физика-техникалық лицейінде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш облыста жол қозғалысы шектелді
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы 21 қаңтар 2026 жылы сағат 21:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты дизель қозғалтқышы бар автокөліктер мен қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысын шектеу енгізілгенін хабарлады. Бұл шектеу республикалық маңызы бар бірнеше жол учаскелерінде күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады – Берік Сұлтан
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы дисквалификациядан кейін тек ресми шешім шыққан жағдайда ғана рингке оралады. Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Салық реформасы: Кәсіпкерлерге жауап беретін арнайы штаб құрылды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бірінші кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемдік БАҚ Ұлттық құрылтай жайында: Тоқаев ауқымды реформалар жариялады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында бірқатар ауқымды конституциялық реформаларды жариялады.
-
Давос форумы: Залға сыймағандар Трамптың сөзін сыртта тыңдауға жиналды
АҚШ президенті Дональд Трамп Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда өз сөзін бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Ел саперлары Голан биіктіктеріндегі 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Ұлттық контингенттің инженерлік-саперлік тобы БҰҰ мандатына сәйкес Голан биіктіктерінде жүктелген міндеттерді сәтті орындап келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парламент реформасы саяси жүйені қайта қарауға жол ашып отыр – Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысында 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат жастардың тәрбиесіне қатысты дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдап, балалар мен жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін күшейту, сондай-ақ әлеуметтік желілердің әсерін заңнамалық деңгейде реттеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатор бір палаталы Парламентке қатысты пікір білдірді
Қоғамдық және саяси өзгерістер аясында Қазақстанда Парламентті реформалау мәселесі күн тәртібіне шықты. Екі палаталы жүйеден бір палаталы Парламентке көшу мүмкіндігі талқыланып, жаңа құрылымның атауы ретінде тарихи "Құрылтай" ұғымының ұсынылуына қаытсты сенатор Қайрат Тастекеев пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Директорларды қанша жылға тағайындау керек? Аймағамбетов ойын айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындау тәртібіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат қыз алып қашу туралы: Жеңгелерін де, табалдырықта жатқан кемпірлерді де соттау керек
Мәжіліс депутаты қоғамда қызу талқыланып жатқан қыз алып қашу «дәстүріне» қатысты пікірін білдірді. Депутат күшпен қыз алып қашу қазақтың дәстүрінде ешқашан болмағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
47 жылда алғаш рет: Қазақстанда желтоқсанда бұрын-соңды болмаған ауа райы тіркелді
2025 жылғы желтоқсан айында Қазақстан аумағында 1978 жылдан бері тіркеліп келген бірқатар температуралық рекордтар жаңартылды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
OpenAI бағдарламасы оқушылар мен мұғалімдерге не береді?
Қазақстан OpenAI компаниясы іске қосқан Edu for Countries бастамасына қатысатын алғашқы халықаралық елдер тобының қатарына енді. Бұл жоба OpenAI for Countries жаһандық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. BAQ.KZ тілшісі аталған бастаманың ерекшелігі неде, ол қандай міндеттерді көздейді және елдің білім беру жүйесі үшін маңызы қандай екенін анықтап көрді.
-
Трамп: АҚШ-та ешкім білмейтін "керемет қару" бар
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің арсеналында көпшілікке беймәлім «өте қуатты қару» бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол News Nation телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Азаматтар қыз алып қашуды әлі дәстүр ретінде қабылдайды: Депутат Нұрайдың өлімі жайлы
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан сталкинг, қыз алып қашу және Нұрайдың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қырғызстанмен шекарадағы бекет енді тәулік бойы жұмыс істейді
Мәжіліс 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте жолда болған қанды төбелес: Төрт күдікті ұсталды
Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан кейін жаппай төбелеске ұласып, адам өлімімен аяқталған қылмысқа қатысты төрт күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен қолға түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып OpenAI Edu for Countries тобына қосылды
OpenAI компаниясы OpenAI for Countries жаһандық бағдарламасы аясында Edu for Countries бастамасының алғашқы халықаралық тобын іске қосқанын жариялады. Қатысушы елдердің алғашқы легіне Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Грекия және Қазақстан кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапония экс-премьерін өлтірген қылмыскерге өмір бойына жаза кесілді
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC News Русская служба басылымына сілтеме жасап.
-
Қазақстан ЕАЭО нарығындағы кедергілерді жоюға кірісті
Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде биыл және алдағы жылдарға арналған жұмыстың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қоғамдық орындарда тиісу жиілеп барады
2025 жылы Қазақстанда қоғамдық орындардағы тиісу деректері рекордтық деңгейге жетті. Бұл – аталған норма 2015 жылдың 1 қаңтарында енгізілгелі бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кәсіподақтар: Реформалар адамдардың өмірінде сезілуі тиіс
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Президенттің V Ұлттық құрылтайда айтқан негізгі тезистерін қолдайтынын жариялады. Федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіндегі басты идея – реформалар елдегі нақты өзгерістер арқылы ғана жүзеге асуы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шопандардың балалары әскерге бармай ма? Үкімет түсіндірді
Қазақстанда шопандардың балаларын әскерге шақыру мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Миллиондаған мал қайда?": Сенатор деректерге күмән келтірді
Қазақстанда мал шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыты ретінде белгіленгенімен, салада шешімін таппаған жүйелі мәселелер әлі де аз емес. Мал саны артқанымен, өнімділіктің төмендігі, жайылым тозуы мен кадр тапшылығы ет өндірісінің тұрақты дамуына кедергі болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ет экспортына неліктен тыйым салынғаны белгілі болды
Қазақстанда ет экспортына қойылған шектеулердің салдары фермерлерге әсер етуі мүмкін. Бұл мәселе Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде өткен отырыс барысында көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бизнес дабыл қақты: Қазақстанда ірімшік тапшы болуы мүмкін
Қазақстанда ірімшік нарығында тапшылық туындауы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде өткен отырыс барысында "Атамекен" ҰКП агроөнеркәсіп кешені департаментінің директоры Еркін Наурызбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жол апатынан кейін кісі өлімімен аяқталған төбелес: Шымкентте ауыр халдегі науқастың жағдайы қалай
Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, соңы бір адамның қаза болуымен аяқталды. Қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатор: Ұлттық құрылтай – парламенттік реформаның шешуші кезеңі
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде биылғы жыл елдің болашағы үшін шешуші кезең болатынын атап өтті. Осыған қатысты сенатор Айнұр Арғынбекова пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәстүрлі құндылықтарды қорғауды күшейтеміз – Олжас Бектенов
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтай барысында дәстүрлі құндылықтарды қорғау, неке және отбасы институтын нығайту, мәдениетті дамыту саласындағы Президент қойған міндеттерді жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 айдан аз қалды: Рамазанға қандай дайындық керек?
Кеше Шағбан айы басталды. Демек қасиетті Рамазан айының келуіне 1 айдан аз уақыт қалды. Осы орайда, BAQ.KZ тілшісі исламтанушы мамандардан оразаға қалай дайындалу керегін сұрады.
-
Үй алудың жаңа жолы: Келісімшарт та, тіркеу де онлайн болады
Сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді онлайн рәсімдеуге арналған пилоттық жобаны іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда биыл қандай автожолдар мен теміржолдар жөнделеді?
Қазақстанда көлік инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Миллиардтар қайда кетті? Үкімет МӘМС-ті тексеруге кірісті
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесін 1 шілдеге дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Элиталық мектептерге ақша беруді тоқтату қажет": Бектенов тапсырма берді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыруға мораторий енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, қымбат әрі элиталық мектептерге бөлінетін бюджет қаражатын тоқтату жөнінде тапсырма берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда гидроэнергетика саласында қандай жобалар жүзеге асырылады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында елдің гидроэнергетикалық әлеуетін дамытуға қатысты жоспарларын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді азық-түлікке, тұрғын үйге және коммуналдық қызметке де ваучер беріледі
Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің хабарлауынша, әлеуметтік әмиянға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алу, тұрғын үйді жеңілдетілген жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін ваучерлер қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашады. Олар қандай?
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысы мақұлдаған үш жылдық жоспар аясында жаңа халықаралық авиамаршруттар ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су министрлігі: Солтүстік Арал теңізінің көлемі 23 млрд текше метрге жетті
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда Солтүстік Арал теңізін сақтау және гидроэнергетика әлеуетін пайдалануға қатысты берген тапсырмаларын орындау барысы туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақкенженов: Авиаотын бағасы 890 долларға дейін төмендетіледі
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өнімділік неге төмен: Сенатта ет өндірісі мен экспорт әлеуеті талқыланды
Сенатта елдегі ет өндірісі мен экспорт әлеуеті талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан газ өндірісін арттыру үшін 50 учаскені аукционға шығарады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жеке деректерді таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ
Дербес деректердің жаппай таралуына қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика министрлігі "таза көмір" жобаларын іске асыруға кірісті
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомство Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыруға кірісіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойылуы мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформа – мемлекеттіліктің жаңа сипаты
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Қазақстанның саяси жүйесіндегі терең трансформациясы процесінің маңызды қадамы болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бағасы бақыланатын азық-түлік саны 31-ге жетті
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесі 31 атауға дейін кеңейтілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет уәде берді: Табыс өседі, экономика 5%-ға жеделдейді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың нақты табысын арттыру екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жүйе өзгереді: Енді қаржы барлық медициналық ұйымға бөліне бермейді
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында денсаулық сақтау саласында жүйелі өзгерістер қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Салық кодексі қателіксіз енгізілуі тиіс – Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Жаңа Салық кодексін енгізу барысы тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет білім саласындағы олқылықтарды жоюға кірісті
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда білім саласын қаржыландыруға қатысты нақты тапсырма бергенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендер ынталандырылады – Балаева
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда әлеуметтік саясатқа қатысты берген тапсырмалары қалай орындалатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы жариялаған идеологиялық тұжырымдарға сүйене отырып, заманауи сын-тегеуріндерге төтеп бере алады — Олжас Бектенов
Кеше өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған бастамаларын жария етті. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл ұсыныстар қоғамды ұйыстыруға, отаншылдық пен заң үстемдігін нығайтуға негізделген ұлттық идеологияның жаңа кезеңін айқындайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп шақырды: Тоқаев Давос қаласына жұмыс сапарымен барады
Бейсенбі, 22 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның 13 өңірінде тас жолдарда ауа райы күрт нашарлайды
21 қаңтар күні Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында ауа райының қолайсыздануы болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұмыссыздарға 130 млрд теңге: Қанша қазақстандық төлем алды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемді 354,2 мың адам алған. Оның ішінде 311,9 мың азаматқа төлем дәл осы жылы тағайындалған. Жұмыссыздарды қолдауға бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 130,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскердегі қайғылы жағдай: Еркебұлан Сағындықовтың өлімі бойынша жаңа дерек
2025 жылдың қазан айында Маңғыстау облысындағы ҰҚК Шекара қызметінің «Үстірт» шекара заставасында мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген Еркебұлан Сағындықовтың қазасына байланысты қылмыстық іс қызметтік салғырттық дерегі бойынша тергеліп жатырдеп хабарлайды BAQ.KZ Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.
-
Біртүрлі бастама: Польшада неке туралы куәліктен "ерлі-зайыпты" атаулары алынып тасталмақ
Польшада неке қию туралы куәліктердің жаңа үлгісін енгізу жоспарланып отыр. Құжатта дәстүрлі "күйеу" және "әйел" деген сөздердің орнына гендерлік бейтарап атаулар – "бірінші серіктес" және "екінші серіктес" қолданылмақ. Бұл туралы BAQ.KZ mk.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
-
Испанияда тағы да теміржолдағы трагедия: пойыз апатқа ұшырады
Каталонияда қайғылы оқиға болды: тіреу қабырғасы теміржол рельстерінің үстіне құлап, сол сәтте сол жерден өтіп бара жатқан қала маңындағы пойызды басып қалған. Оқиға салдарынан пойыз машинисі қаза тауып, 37 жолаушы жарақат алды, олардың бесеуінің жағдайы ауыр деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
-
Украинаның бұрынғы президенті Януковичке тағы бір ұзақ мерзімге үкім шығарылды
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке қатысты тағы бір сырттай сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мексикада жойқын жер сілкінісі болды
20 қаңтарда Мексика аумағында магнитудасы 5,0 баллға жететін күшті жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жазылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Сергек" камерасына оқ атқан жамбылдық жігіт жауапкершілікке тартылды
Байзақ аудандық соты бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Семей орманы" резерватының қызметкерлері сирек кездесетін сілеусінді видеоға түсірді
"Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері қорғалатын аумақта мекендейтін сирек кездесетін сілеусінді бейнежазбаға түсіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Давостағы кездесулер: Трамп Гренландиядан бас тартпай отыр, Еуропа ықтимал жауапты талқылауда
АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Гренландияға бақылау орнату жоспарының күшінде екенін мәлімдеп, Арктикадағы аралды күшпен басып алу мүмкіндігін де жоққа шығармады. Сонымен қатар ол одақтастарын қатаң сынға алды. Бұл туралы BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-
Үстел теннисі: Қазақстан Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды
Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"НАТО тарихтың қоқыс жәшігіне кетер еді": Трамптың қатаң мәлімдемесі
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінсіз НАТО бүгінде мүлде болмас еді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ұйым үшін өзі атқарған жұмыс кез келген президенттен асып түседі. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.
-
Астанада құрылыс алаңында өрт шықты
Астананың Нұра ауданында, Тұран даңғылы бойында салынып жатқан нысан аумағында контейнер өртенді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.
-
21 қаңтарға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда заңсыз нысан сот шешімімен бұзылды
Алматы қаласында заңсыз салынған тағы бір нысан сот шешімімен бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық семсерлесушілер Италияда өтетін Гран-приге қатысады
Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх