Все новости за 19 қаңтар 2026
-
-
Қазақстан ЮНЕСКО-ның ЖИ бойынша үздік тәжірибелерін енгізуде
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жасанды интеллектіні пайдалануға ұлттық дайындықты бағалау жөніндегі ЮНЕСКО жобасы ресми түрде іске қосылды. Жобаны ҚР Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросымен бірлесіп жүзеге асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, боран, аяз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 20 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды
Алматы қаласында Ақан Сері көшесі, 18-мекенжайда орналасқан көппәтерлі тұрғын үйге заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Шымкентте газ жарылысынан ер адам қайтыс болды
Шымкент қаласында тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан бір отбасының үш мүшесі зардап шекті. Оқиға Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті
V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылған: жаңа деректер жарияланды
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жаңаөзен қаласында өрт сөндіру автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты қосымша ақпарат берді.
-
Қазақстанда ЖИ-офицерлерін оқыту басталды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев алғашқы AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасындағы оқу легінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
2026 жылғы 20 қаңтар, сейсенбіде Қазақстандағы ауа райы атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Куәлігінен өмір бойы айырылған адам тағы да мас күйде көлік жүргізген
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында мас күйінде көлік жүргізген азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның барлық автожолында мобильді байланыс пайда болмақ
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Транстелеком» АҚ (ТТС) Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты мобильді интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскери элитаның "күрең берет" символы неге соншалықты маңызды?
Елімізде 19 қаңтарда Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштері күні аталып өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан атынан қысқы Олимпиадаға 36 спортшы қатысады
2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай халқы рекордық деңгейде азайып бара жатыр
Қытайда 2025 жылы 7,92 млн бала дүниеге келген. Бұл – әр мың адамға шаққанда 5,63 туу көрсеткіші, яғни Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан бері тіркелген ең төмен деңгей. Мұндай деректі ҚХР Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еңбек кодексі еленбеген: Сотталғандар 12 сағаттан артық жұмыс істеген
Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Сергек" камерасына оқ атқан адам айыппұлмен жазаланды
Жамбыл облысы Байзақ аудандық соты бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қазақстандыққа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теміртаудағы тұрғындар тағы да жылусыз қалды
Теміртауда 8-шағынауданды жылумен қамтамасыз ететін жылу магистралінде жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Милан Олимпиадасына тағы 17 жолдама иеленді
Биатлоннан 2025-2026 жылғы маусымдағы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесінде Қазақстан командасына 4 спортшыға 17 лицензия бөлді. Сәйкесінше, Милан-Кортина ойындарында елімізден 2 ер, 2 әйел сынға түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда не өзгеруі мүмкін?
Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Теңіз кенішінде мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз және Королевское кеніштерінде мұнай өндірудің уақытша тоқтатылғанын растады. Бұл туралы компанияның қоғамдық байланыс жөніндегі қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арқалық әуежайы 34 жылдан кейін қайта ашылмақ
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік бағытын жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде доллар тағы да арзандады
19 қаңтарда Қазақстан қор биржасы KASE-де доллардың орташа салмақты бағамы 509,63 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткіш 2,44 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талапкерлердің 64%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды
2026 жылғы 10 қаңтарында басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің 64%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 36%-ы орыс тілінде және 52 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жәутіков олимпиадасында 70 алтын медаль иегері анықталды
Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтыс болған адамның екі бүйрегі, жүрегі мен бауыры донорлыққа алынды
Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында көп ағзалық донорлық процесс сәтті аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да 5 жасар бала құлыптаулы үйде тірідей жанып кетті
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әскерге кеткендер енді кредит ала алмайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
7 жылға дейін түрме күтіп тұр: Баласын аяусыз ұрған әйелді құрбысы видеоға түсірген
Жетісу облысында баласын азаптаған әйелге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Бұған дейін аталған жантүршігерлік оқиғаны бүлдіршіннің әкесі видеоға түсірген деген ақпарат тараған еді. Белгілі болғандай, бейнежазбаны үй иесінің құрбысы түсірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
-
300 мың теңге, баспана: Қандастарға биыл қандай қолдау көрсетіледі?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 8 278 адам болып бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкент көшелерінде оқ атылуы мүмкін
19 қаңтар күні Шымкент қаласында Полиция департаменті Еңбекші ауданында (Индустриялық аймақ аумағында) оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа жекеменшік мектептерге енді бюджет ақшасы берілмейді
Қазақстанда жекеменшік мектептердің қызметіне қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің құрылтайшылары мен директорларымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ортопедиялық операцияларды робот жасай бастады
Қазақстанда ортопедия саласында MISSO атты жасанды интеллектке негізделген робот жүйесі қолданыла бастады. Ортопедиялық операцияларды жоспарлау және жүргізуге арналған роботтандырылған жүйе елімізде енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Жанармайдың арзан бағасы экономикаға кері әсер етіп жатыр – сарапшы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Қазақстанда ұзақ уақыт бойы тарифтер мен жанар-жағармай бағасы жасанды түрде төмен деңгейде ұсталып келгенін, бұл экономиканың дамуына кері әсер етіп отырғанын айтты. Төмен тарифтер мен арзандатылған жанар-жағармай бағасының салдары Қазақстанға қалай әсер етуде? BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
-
Қазақстанда -38 градус аяз күшейеді: Боран мен көктайғақ күтіледі
Қазақстанда 20-22 қаңтар аралығында ауа райы күрт нашарлайды. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде түнде 38 градусқа дейін аяз күшейіп, қар, боран, тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстікте ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сапасыз оқулықтарға тосқауыл: Министрлік жаңа талап енгізді
Қазақстанда оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) дайындау, сараптау және мониторингтеу жүйесі жаңартылды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы негізінде жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парламенттік реформа аясындағы конституциялық өзгерістер ауқымды болады – депутаттар
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдер талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мал өсіретіндерге арзан несие беріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралған жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президентпен конституциялық реформаның негізгі бағыттары талқыланды
Астанада Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда қандай мәселелер көтеріледі?
Ертең, яғни 20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді. Алдағы құрылтайдан не күтуге болады? BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
-
Ұлттық құрылтай: Қызылордада жұмыс секцияларының отырысы өтіп жатыр
20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші жиыны өтеді. Басқосуға Мемлекет басшысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлеуметтік желідегі дүрбелең: Алматы мектептерінде теракт жасалатыны хабарланды
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыдағы бірқатар мектепте террористік актілер жасалуы мүмкін деген жалған хабарламалар тарады. Алайда полиция бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
КТК-ға жасалған шабуыл: Сарапшы мәселені шешудің балама жолын ұсынды
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) айналасындағы жағдай Қазақстанның мұнай экспортындағы ең әлсіз тұсты айқын көрсетіп отыр. Бұл туралы Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов BAQ.KZ тілшісіне берген эклюзив сұхбатында айтты.
-
20 миллион теңгелік кресло: Шымкенттегі университетте 321 млн теңге жымқырылған
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамптың қысымы, Испаниядағы теміржол апаты және Угандадағы сайлау
Әлемде геосаяси шиеленіс күшейіп барады: Гренландиядағы НАТО миссиясы, Испаниядағы пойыз апаты, Ыстамбұлды басқан қар, Угандадағы даулы сайлау және Қызыл теңіздегі қауіп жаһандық тұрақтылыққа әсер етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ирандағы шеруде 5 мыңнан астам адам қаза болды
Иран билігі наразылық акциялары кезінде қаза тапқандар саны 5 мың адамға жеткенін мәлімдеді. Ұсталғандар саны 24 мыңнан асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экологиядан футболға дейін: Құрылтайда Президент берген қандай тапсырмалар жүзеге асты?
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Қазақстан Президенті ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, Үкімет пен мемлекеттік органдарға талқылаудан нақты іске көшу жөнінде тапсырма берген еді. Бірқатар бастамалар бойынша шешімдер қабылданып, жұмыс практикалық кезеңге өтті. Толығырақ BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
-
Баласын аямай сабаған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Жетісу облысында болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы қандай әлеуметтік төлемдер қысқартылмайды? – министрлік жауабы
2026 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығыстар жалпы көлемнің 24,5 пайызы. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісінің сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті мәлімдеді.
-
Зәкиева анасынан таяқ жеген балалардың жағдайы туралы айтты
Жетісу облысында баласын ұрып-соққан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы факті бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді
Ұлттық құрылтайдың V отырысы ертең, яғни 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы және көмекшісі Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүлдіршінді соққылап, тепкілеп, қолын бұраған: Кішкентай баласын аяусыз ұрып-соққан ана қамалды
Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған 3-4 жастағы баласына дене жарақатын салғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өзбекстанда Трампқа шағымданған ер адамға айыппұл салынды
Ташкент қаласының тұрғыны АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты шағым түсіріп, полицияға жалған қоңырау шалғаны үшін 1,23 миллион сум (шамамен 52 мың теңге) көлемінде айыппұл арқалады. Бұл туралы сот шешіміне сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлайды.
-
81 жастағы президент жетінші рет қайта сайланды
Уганда президенті Йовери Мусевени жетінші рет мемлекет басшысы болып қайта сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін он шақты қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаркентте сұмдық оқиға: анасы өз баласын аяусыз соққыға жыққан
Жаркент қаласында кішкентай баланы соққыға жығу дерегі тіркелді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.
-
Еш жерде жұмыс істемеген адам қандай зейнетақы алады?
Қазақстанда зейнетақы жүйесі заңмен айқындалып, азаматтардың еңбек өтілі мен жинақтарына қарай есептеледі. Жұмыс істемеген адам да кейбір жағдайларда зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі мен зейнетақы жүйесі бойынша бекітілген тәртіп.
-
Өскемен неге сусыз қалды: әкімдік түсініктеме берді
18 қаңтарда су құбырындағы апат салдарынан Өскемен қаласында екі мыңнан астам тұрғын ауызсусыз қалды. Бұл туралы хабарлайды BAQ.KZ хабарлайды.
-
Ыстамбұлды қалың қар басты
Ыстамбұлдың барлық ауданында қалың қар жауып, әуе рейстерінің кешігуіне себеп болды. Бұл туралы BAQ.KZ РИА Новости-ке сілтеме жасап хабарлады.
-
Испанияда екі пойыз рельстен шығып кетті, қозғалыс тоқтатылды
Испанияның Кордова провинциясында екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып кетті. Бұл туралы теміржол инфрақұрылымының операторы Adif ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
19 қаңтарға арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды
2026 жылы 16 қаңтарда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ресми түрде өз қызметін бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
-
Алматы көшелерінен 11 мың текше метрден астам қар шығарылды
Алматыда 16–18 қаңтар аралығында жауған мол қардан кейін тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гренландияға келген неміс әскерилері Трамптың қоқан-лоққысынан кейін аралды жедел түрде тастап кетті
НАТО-ның барлау миссиясы аясында Данияның шақыруымен 16 қаңтарда Гренландияға келген бундесвердің 15 әскери қызметкері жексенбі, 18 қаңтар күні аралдан шұғыл түрде кетіп қалды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың Германияға Копенгагенді аумақтық дауда қолдағаны үшін кедендік баж енгіземін деген мәлімдемесінен кейін орын алды. Бұл туралы BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.
-
АҚШ-та жасөспірім ойын консолі үшін ұйықтап жатқан әкесін атып өлтірді
АҚШ-тың Пенсильвания штатында 11 жастағы жасөспірім Клейтон Дитц ойын приставкасына байланысты жанжалдан кейін ұйықтап жатқан әкесін атып өлтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Германиямен агротехнология және азық-түлік қауіпсіздігі саласында әріптестікті арттырады
Берлинде өтіп жатқан Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы жөніндегі жаһандық форумның (Global Forum for Food and Agriculture, GFFA) 18-отырысы аясында ұйымдастырылған Ауыл шаруашылығы министрлерінің халықаралық конференциясы барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі федералдық министрі Алоис Райнермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх