Все новости за 20 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Көкшетауда 70 жастағы дәрігер ұсталды
Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері есірткіге теңестірілген препарат – трамадолды заңсыз сатқан 48 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған адамның үстінен тінту жүргізу кезінде 130 дана таблетка және жергілікті дәрігер жазып берген екі дана рецепт тәркіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Роман Скляр Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты
Қазақстан ПМЭФ-2025 алаңдарында стратегиялықәріптестікті нығайтуда және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жасады
2025 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында алуға болатын 37,3 млрд теңге сұраусыз жатыр. Қор бұл ақшаның кім тиесілі екенін және оны алу үшін не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
GovHR форумы: цифрлық дәуірде мемлекеттік қызметті трансформациялау жөніндегі халықаралық диалог
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адами ресурстарды басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық GovHR форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Найзағай, бұршақ, дауыл: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жүкті әйелдерге арналған медициналық көмек жаңа деңгейге көтерілді
Қазақстанда әйелдер консультациясы қайтадан жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ДСМ: Жыл сайын 3 мыңға жуық жасөспірім жүкті болады
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордада өткен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министр жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесін көтерді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елордада өткен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысында ит қапқан ер адам қайтыс болды
Абай облысындағы аудандардың бірінде ит қауып алған 70 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аида Балаева Ұлттық комиссияның жаңа құрамын таныстырды
Елордада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Атыраулық 23 тұрғын жерінен айырылып қалды
Атырауда осыдан үш жыл бұрын жер телімін сатып алған 23 тұрғын учаскесінен айырылып қалды. Әкімдіктегілер ол аумақтар кезінде заңсыз сатылған деп сот арқылы қайтарып алған. Ақшасыз әрі жерсіз қалған қараша бұл мәселенің шешілгенін қалайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Катонқарағайда ауыл туризмі дамып келеді
Катонқарағайлық кәсіпкер "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы туған ауылында туризмді дамытып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда дауылдан зардап шеккендерге 393 200 теңге өтемақы төленеді
Павлодарда дауылдан зардап шеккен тұрғындарға 393 200 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімідігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биодәретхана, USB-порт: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жаңа пойыз іске қосылады
Шілде айының басында "Астана-Бурабай курорты" маршрутына жаңа электр пойызы шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Бұрынғы шенеуніктің туыстарына берілген жерлер бос жатыр”. Мемлекетке қанша жер қайтарылды?
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару процесі жалғасып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар “AMANAT” партиясының бастамасымен қолға алынған “Жер аманаты” жобасы аясында жүйелі түрде іске асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз бөлінген жерлерді мемлекетке қайтарып, оларды әділетті негізде халық игілігіне беру, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Еліміздің болашағы": Бағдат Мусин суперкомпьютерді көрсетті
«Қазтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің бірі – NVIDIA H200 суперкомпьютерінің қалай көрінетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда жастар экологиялық акция өткізді
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қоғамдық сананы арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда
Қазақстан өз азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялауды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 20 жыл құжатсыз жүрген әйел жеке куәлік алды
Алматының көші-қон қызметінің қызметкерлері 20 жыл құжатсыз өмір сүрген әйелге көмектесті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекеттік мереке: Енді 1 маусымда демалыс беріле ме?
Мәжіліс депутаты Сейітжан Кенжеғұл 1 маусымды мемлекеттік мереке етуді ұсынып, Үкіметке сауал жолдаған болатын. Бұл мәселеге қатысты ведомство ресми пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қай өңірдің тұрғындары инсультке жиі шалдығады?
Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы Сабина Медуханова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін ең ұзақ күн болады
Бүгін Солтүстік жарты шарда жазғы күн тоқырауы басталды. Бұл — жылдың күн ең ұзақ, ал түн ең қысқа болатын күні. Астрономиялық жаз дәл осы күннен басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Кіп-кішкентай өмір": Ақтөбеде жүргізушілер жолға шыққан бүлдіршінді құтқарып қалды
Ақтөбеде жүргізушілер жол үстінде кетіп бара жатқан баланы құтқару үшін көліктерінен жаппай жүгіріп шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 20 маусымдағы сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының орташа бағамы 521,57 теңгені құрады. Бұл бір күн ішінде 1,92 теңгеге қымбаттағанын көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында бір күнде екі бала суға батып кетті
19 маусымда Қаратал ауданының аумағында екі бірдей жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
TikTok-та "шоколадты құлпынай" сатқандар жазаға тартылды
TikTok-та "шоколадты құлпынай" сатып, 13 адамды алдаған алаяқтар жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құтқарушылар жеке үй ауласынан жыланды ұстап алды
ТЖМ құтқарушылары жеке үйдің ауласынан жыланды ұстап алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйел адам қызғаныштан жігітін көлікпен қағып өлтірді
Сот шешімі бойынша ол енді кемінде 12 жыл түрмеде отырады.
-
Нөсер мен бұршақ: синоптикер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Алматылықтар толассыз жауын-шашынға дайындалып жатыр.
-
31 млн теңгені ұрлаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қандай көзілдірік көзді күннен жақсы қорғайды?
Күн көзінен қорғану үшін міндетті түрде қымбат көзілдірік сатып алудың қажеті жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қайтарылған активтер: Өскемендегі Гематология орталығының құрылысы қашан бітеді?
Мемлекет басшысы төртінші рет өткен Ұлттық құрылтай отырысында Өскемен қаласында Гематология орталығының құрылысын жеделдетіп аяқтау туралы тапсырма бергені белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен "Росатом" Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат төрағасы: "Смарт-ұлт" – жаңа Қазақстанның болашағы
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Túrkıstan.kz халықаралық басылымында жарияланған "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында қазіргі кезеңде ұлттық бірегейлікті жаңаша қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігер: Энергетикалық сусын инсультқа әкелуі мүмкін
Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы, инсульт проблемалары жөніндегі бас штаттан тыс маман Ержан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
QAZCONTENT OPEN 2025 турнирінің қатысушылары белгілі болды
21 маусымда Астанада шахматтан блиц-турнир – QAZCONTENT OPEN 2025 өтеді. Жарысқа еліміздің жетекші медиакомпаниялары мен блогосфера өкілдерінен құралған 40 қатысушы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған активтер: Ақтөбедегі арнайы балабақша қашан ашылады?
Ақтөбе қаласында қайтарылған активтер қаражаты есебінен ерекше балаларға арналған балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Димаштан Q-pop-қа дейін: "Тоқаев моделі" ұлттық мәдениетті қалай дамытуда?
Қазіргі креативті индустрия – ұлттық бірегейлікті жаңғыртудың негізгі тетігіне айналып келеді. "Тоқаев моделі" арқылы қазақылық жаңа сипат алып, заман талабына бейімделіп жатыр. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев "Túrkistan" халықаралық газетінде жарияланған "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті
Әуезов ауданында бүгін таңғы сағат 6:15-те автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада ер адам бірге тұрған әйелін өлтіріп, 25-қабаттан секіріп кетті
Ер адам бірге тұрған 27 жастағы әйелге баланың көзінше бірнеше рет пышақ сұғып, артынша 25-қабаттан секіріп кетті.
-
Жыл сайын 45 мың қазақстандық инсульт алады
Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы, инсульт проблемалары жөніндегі бас штаттан тыс маман Ержан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде Alem.AI халықаралық ЖИ орталығы ашылады
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Qazcontent» АҚ Басқарма төрайымы Айна Задабекке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Цифрлық серпіліс: Қазақстан ЖИ саласында кадр дайындауға кірісті
Қазақстан ЖИ саласын дамытуға бағытталған ауқымды бастамаларды қолға алды. Ендігі мақсат алдағы бес жылда 1 миллион азаматты ЖИ құралдарын меңгеруге оқыту. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Qazcontent AҚ төрағасы Айна Задабекке берген сұхбатында хабарлады.
-
Болашақта азаюы мүмкін мамандықтар тізімі анықталды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, ЖИ технологиялары еңбек нарығына әсер етіп, салдарынан кей мамандықтар жойылуы мүмкін. Бұл туралы ол BAQ.KZ-тің Youtube каналына берген сұхбатында хабарлады.
-
Мәулен Әшімбаев: Ұлытаудағы құрылтай – жаңа дәстүрдің тікелей жалғасы
Ұлттың жаңа сапасы оның өткенін танудан басталады. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев "Túrkistan" халықаралық газетінде жарияланған "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында қазақ ұлтының бірегейлігін қалыптастырған тарихи кезеңдерді айқындап, бүгінгі жаңғыру жолымен ұштастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы қаласы жаңа жұмыс кестесіне көше ме?
Алматы қаласы өзге бірқатар өңір секілді жаңа жұмыс кестесіне көше ме? Сұраққа Алматы әкімдігі өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның өз ChatGPT-і болады: Суперкомпьютер бізге қалай көмектеседі
Елімізге Орталық Азиядағы ең қуатты – NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютер жеткізілді. Ол қандай міндетке пайдаланылады? Суперкомпьютерді қандай салада қолдануға болады? Бұл сұрақтарға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев BAQ.KZ-тің Youtube каналына берген сұхбатында жауап берді.
-
Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысушы 40 жылдан кейін ақталды
Сот талап қоюшыны саяси қуғын-сүргін құрбаны деп таныды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенат басшысы ұлттық саясаттағы бұрынғы қателіктерді ашық айтты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Túrkıstan.kz халықаралық газетінде жарияланған "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық бірегейлік саясатына кең шолу жасап, қазіргі реформалар мен өткен кезеңнің айырмашылығына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодар облысындағы дауыл: 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапты
Павлодар облысындағы дауылды жел болып, салдарынан 16 адам зардап шекті және 1 әйел қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: АҚШ Иранға 2 аптадан кейін шабуылдауы мүмкін
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Жусанның иісіне жететін ешнәрсе жоқ – Мәулен Әшімбаев
Тарихи сана мен ұлттық болмыстың қазіргі ұрпақ үшін мәнін айқындау, Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстары арқылы ұлттық бірегейлікке ұмтылу рухани көпірдің маңызды тұсы. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Túrkıstan.kz сайтында жарық көрген "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Сіздер – бейбіт күннің батырларысыздар”: Қошанов медицина қауымдастығымен кездесті
“AMANAT” партиясы денсаулық сақтау саласының бүгіні мен келешегі туралы ашық әңгімелесу мақсатында еліміздің барлық өңіріндегі 600-ден астам дәрігердің, медбикелердің, ғалымдардың, медициналық ұйымдар басшыларының және сарапшылардың басын қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Біз кімбіз?" деген сауалға жауап бермей даму болмайды – Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Túrkıstan.kz халықаралық газетінде жарияланған "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұлттық бірегейлік пен ішкі тұтастықты сақтаудың маңызын кеңінен тарқатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы ауасы неге лас: Мегаполисте өмір сүру – денсаулығыңызға жасалған тәуекел ме?
Алматыдағы ауаның сапасына байланысты мәселелер бір жыл емес, бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Бұл туралы қарапайым тұрғындар мен белсенділерден бастап, қала әкімшілігі мен Мемлекет басшысына дейін айтып жүр. Соған қарамастан бұл мәселе әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Мегаполистегі ауа сапасы неге нашар және оны тазарту үшін қандай шаралар атқарылып жатқандығын Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
-
Сенат төрағасы: Ұлттық бірегейлік – жаңғырудың өзегі
Қазіргі реформалар саяси және экономикалық шеңберден шығып, қоғамның рухани және мәдени деңгейін көтеруге бағытталып отыр.
-
Баянауылда екі турист ауа райының құбылуына байланысты кері қайта алмай қалған
Жасыбай көлінің оңтүстік жағалауында серуендеп жүрген екі турист ауа райының күрт нашарлауына байланысты кері қайта алмай, құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды.
-
Мәулен Әшімбаев: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы – реформалардың басты мақсаты
Сенат төрағасы өз мақаласында қазіргі реформалардың тек саяси немесе экономикалық өзгерістер емес, ұлттың ішкі сапасын жаңартуға бағытталған терең трансформация екенін атап өтеді.
-
Израиль президенті аятолла Али Хаменеиге қарсы қастандық жоспарламағанын мәлімдеді
Израиль президенті Ицхак Герцог ел билігінің Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеиді жоюды көздеп отырмағанын мәлімдеді.
-
1 қыркүйектен бастап Астана әуежайындағы рейстер кестесі өзгереді
2025 жылғы 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты рейстер кестесінде елеулі өзгерістер орын алады.
-
Шығын көлемі – 40 млн теңге: Астанада 9 алаяқтық фактісіне қатысы бар әйел ұсталды
Елордада полицейлер 9 алаяқтық фактісіне қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы әйелді ұстады.
-
Иран әуе кеңістігін уақытша жабу мерзімін ұзартты
Иран билігі елдің әуе кеңістігін жабу туралы шешімді жергілікті уқыт бойынша жұма күні 14:00-ге дейін ұзартты.
-
БҰҰ: 2024 жылы қақтығыстардағы балаларға қарсы зорлық-зомбылық рекордтық деңгейге жетті
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 жылғы қарулы қақтығыстар кезінде балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық фактілерінің рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеді.
-
Павлодарда бірге тұрған әйелін қасақана өлтірмек болған ер адам сотталды
Павлодар қаласында бұрын бірге тұрған әйелін қасақана өлтірмек болған ер адамға сот үкімі шықты.
-
АҚШ Иранға шабуыл жасай ма – Трамп екі апта ішінде шешім қабылдайды
АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы екі апта ішінде Американың Иранға әскери соққы жасау-жасамауына қатысты шешім қабылдайды.
-
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде – 45-орын) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің 1/8 финалында әлемнің бірінші ракеткасы – италиялық Янник Синнерді сенсациялық түрде жеңіп, жарыстың ширек финалына жолдама алды.
-
Алматы облысындағы қоқыс полигонында орын алған өрт 1 гектар аумақта оқшауланды
Алматы облысы, Ұзынағаш ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында орын алған өрт 1 гектар аумақта оқшауланды.
Наверх