Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дәрігер: Энергетикалық сусын инсультқа әкелуі мүмкін

20 Маусым 2025, 12:47
1570
Бөлісу:
 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - архив
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы, инсульт проблемалары жөніндегі бас штаттан тыс маман Ержан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, инсультке шалдығуға басты себептің бірі – адамның өмір салты.

Энергетикалық сусындар қай жағынан алсақ та зиян. Энергетикалық сусындардың бір құтысының өзінде қант мөлшері өте жоғары. Қант – организмде агрессиялық орта тудырып, қанға түскен соң тамырларды ішінен зақымдайды. Одан кейін олардың құрамына "таурин" деп аталатын қоздыратын зат қосылады. Осылайша, орталық жүйке жүйесін қоздырады. Соның салдарынан адам инсульт алуы әбден мүмкін, - деп түсіндірді жоғары санатты нейрохирург "Инсульт мектебі-2025" ғылыми-практикалық конференциясының кулуарында берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, Астанада жылдағы дәстүрмен дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған "Инсульт мектебі-2025" ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.

Сондай-ақ елімізде жыл сайын 45 мыңнан астам адам инсультке шалдығатыны белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы