Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда дауылдан зардап шеккендерге 393 200 теңге өтемақы төленеді

20 Маусым 2025, 18:22
767
Бөлісу:
 Нұркен Алишев  - архив
Фото: Нұркен Алишев - архив

Дауылдан зардап шеккен тұрғындарға 393 200 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бұл туралы Павлодар облыс әкімідігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

20–30 маусым аралығында Павлодар қаласында дауыл салдарынан зардап шеккен тұрғындардан өтініштер қабылданады. Табиғи зілзаладан жапа шеккен жеке тұрғын үй иелеріне 100 айлық есептік көрсеткіш (393 200 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Павлодар қалалық әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда коммуналдық қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр. Дауыл салдарымен күрес аясында 109, 112 және 32-36-92 нөмірлері арқылы тұрғындардан өтініштер қабылдануда.

Бұл көмек – табиғи апаттың салдарынан тұрғын үйі бүлінген азаматтарды қолдау мақсатында көрсетілетін біржолғы өтемақы. Қазір фронт-офисте құжат қабылдау жүріп жатыр. Барлық қажетті құжаттармен келген тұрғындарға толық кеңес беріледі, – деп хабарлады Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек алу үшін қажет құжаттар:

Төтенше жағдайлар басқармасының анықтамасы (жарамдылық мерзімі – 6 ай);

Мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;

Банктік шоттың болуы туралы хабарлама;

Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме).

Құжаттарды қабылдау орны: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй, Open Pavlodar фронт-офисі, №3 үстел.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысындағы дауылдан 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапқаны хабарланған еді. 

Өзгелердің жаңалығы