Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістанда жастар экологиялық акция өткізді

20 Маусым 2025, 17:22
610
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қоғамдық сананы арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жүзеге асырды. Оған 100-ге жуық жас пен еріктілер қатысты.

Қоғамдық орындарда экологиялық сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Қатысушылар «Біз таза қаланы қолдаймыз!», «#TazaQazaqstan2025 – сен де қосыл!» сынды ұрандарды қолдап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттады.

Іс-шара барысында тұрғындармен сұхбат жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар берілді.

«Жібек жолы» саябағында өткен бұл шараға қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазартып, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттады.

Сонымен қатар, жастардың ұйымшылдығын арттыру мақсатында тимбилдинг форматында жаттығулар мен ойындар өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы