Алматы облысы, Ұзынағаш ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында орын алған өрт 1 гектар аумақта оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) күштері өртті сөндіру және топырақпен жабу жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі уақытта өрттің іргелес аумаққа және құрғақ шөпке таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер тіркелмеді. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде, - деп хабарлады ТЖМ.
Жағдай толық бақылауға алынған. Мамандардың жедел әрекетінің нәтижесінде тілсіз жаудың ауқымы кеңеймей, уақытылы оқшауланды. Қауіпсіздік мақсатында аумақ тұрақты түрде бақыланып отыр.