Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Димаштан Q-pop-қа дейін: "Тоқаев моделі" ұлттық мәдениетті қалай дамытуда?

20 Маусым 2025, 12:26
1788
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазіргі креативті индустрия – ұлттық бірегейлікті жаңғыртудың негізгі тетігіне айналып келеді. "Тоқаев моделі" арқылы қазақылық жаңа сипат алып, заман талабына бейімделіп жатыр. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев "Túrkistan" халықаралық газетінде жарияланған "Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы" атты мақаласында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз мақаласында Мемлекет басшысы ұсынған ұлттық жаңғырудың жаңа бағыты – "Тоқаев моделіне" тоқталып өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ұлттық бірегейлікті жаңаша қалыптастыру – басты міндеттердің бірі.

"Тоқаев моделі" мемлекет пен қоғамның ұлтты біріктіріп қана қоймай, оған ХХІ ғасырда жаңа сапа бере алатын ортақ құндылықтарды іріктеу және әзірлеу жөніндегі проактивті қызметін ұсынады. Дәл осылай екі бірегейліктің орнына елді бө­ліп-жармайтын жаңа тәсіл алға шыға бас­тады. Осынау "Тоқаев моделі" Тәуелсіздік алға­лы бері бір жүйеге түскен және көпшілік қа­былдаған ортақ мәдени, саяси, экономи­ка­лық, тұрмыстық, дәстүрлі, өмірлік құнды­лық­тар кешенін негізге алады. Бұл үлгі елі­міздің азаматтарын жікке бөлмейді, кері­сін­ше біріктіреді, – дейді Әшімбаев.

Мақалада "Тоқаев моделі" қазақы мәдени кодты жалпыұлттық бірегейліктің өзегі ретінде қарастыратыны айтылған. Бұл мәдени ассимиляция емес, табиғи интеграцияға негізделген тәсіл. Яғни, әр азамат өзін біртұтас "қазақ отбасының" мүшесі ретінде сезінетін ортақ мәдени матрица қалыптасып келеді.

Сонымен қатар, Әшімбаев креативті индустрияның яғни, Q-pop, кино, fashion, гастро мәдениет, әлеуметтік желілердегі контенттің ұлттық жаңғырудағы маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл soft power құралдары арқылы жастардың қызығушылығына әсер етіп, ұлттық ренессансқа жол ашатын күш.

"Қа­за­­қылықты" сәнге айналдырған креативті ин­дустрия "Тоқаев моделінің" негізгі басым­ды­ғы. Бұған нақты мысалдар аз емес. Себебі кейін­гі жылдары Димаш Құдайберген, Ирина Кайратовна, Қазыбек Құрайыш, Мирас пен басқа да жаңа толқын Q-pop орын­даушылары арқылы қазақ поп-музы­касы әлемге таныл­ды. Қазақ киноин­дуст­риясы қарқын алып, соңғы екі-үш жылда фешн-және гастро-индустриядағы этно­бағыттар алға шықты. Әлеуметтік желілерде ұлттық тақырыпқа ар­налған авторлық роликтердің саны да, са­пасы да артты. Мұ­ның бәрі – біздің пікірі­міздің дұрыс екенін рас­тайтын дәлелдер, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Мақалада "Жаңа Қазақстан" реформалары бұрынғы ұлт құру моделінен мазмұн мен тәсіл жағынан түбегейлі өзгеше екені нақты көрсетілді.

Бұған дейін Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың жоғарыда аталған мақаласында Қазақстанның жаңғыру жолындағы жаңа бағыттары мен қоғамды сапалық тұрғыдан өзгертудің негізгі тетіктері сөз болғанын жаздық. 

Сондай-ақ, Әшімбаев қазіргі реформалар саяси және экономикалық шеңберден шығып, қоғамның рухани және мәдени деңгейін көтеруге бағытталып отырғаны туралы да сөз етті. Ол "Біз кімбіз?" деген сауалға жауап бермей даму болмайтынын, жусанның иісіне же­тетін ешнәрсе жоқ екенін айтты. 

Сонымен қатар, Сенат басшысы ұлттық саясаттағы бұрынғы қателіктерді атап өтті. Мақалада Ұлытаудағы құрылтай да жаңа дәстүрдің тікелей жалғасы екені жазылған.

Өзгелердің жаңалығы