Все новости за 26 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістан облысында полиция мен еріктілер 200-ге жуық граффити жазбаларын жойды
Түркістан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер синтетикалық есірткілерді жарнамалайтын 200-ге жуық граффити жазбасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
“Аңдар шаһары 2”: Disney компаниясының кезекті фильмі қазақ тілінде сөйлейді
Disney компаниясы өз қаражатына “Аңдар шаһары 2” фильмін қазақ тілінде дубляждады. Фильм елімізде 27 қарашадан бастап қазақ және орыс тілдерінде үлкен экрандардан көрсетіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
550-ге жуық шымкенттік АӘК алу үшін табысын жасырған
Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу мақсатында табысын төмендетіп көрсеткен 550-ге жуық адам анықталды. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
-
Тұман, боран және көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 27 қараша күні Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райы күтілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
-
Әзербайжанға астық жеткізу 25 есеге артты – ҚТЖ
Бакуге сапар аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің пленарлық отырысына қатысты. Жиында теміржол саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, жүк тасымалын ұлғайту, инфрақұрылымды жаңғырту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Елордада "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды
Бүгін Астанада "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл бұл беделді сыйлық мәдениет, ғылым, медиа және спорт салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген 20 жас талантқа табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ақтау қаласында үшем дүниеге келді
Маңғыстау облысының 26-шағынаудандағы перзентханасында дәрігерлер күрделі шұғыл операция жүргізіп, нәтижесінде үшем дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада «Romeo & Juliet» спектаклі жаңаша ұсынылды
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры әлем классикасының ең танымал шығармаларының бірі – Уильям Шекспирдің «Romeo & Juliet» пьесасын жаңаша сахналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Гонконгтағы тұрғын үйдегі өрттен кем дегенде 13 адам қаза тапты
Гонконгтың Тай По ауданындағы Wang Fuk Court атты 31 қабатты бірнеше тұрғын үй кешенін шарпыған ірі өрттен кем дегенде 13 адам қаза тауып, әлі де бөгеліп қалғандар саны белгісіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Көкшетауда 6 күн бойы із-түзсіз кеткен әйел мен сәби табылды
Көкшетауда 20 қарашада үйден шығып, байланыссыз қалған 32 жастағы әйел мен оның кішкентай қызы алты күннен кейін аман-есен табылды. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бішкекте ҰҚШҰ елдерінің басшылары бейресми кездесу өткізді
Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жамбылда білім бөлімі бухгалтерлерден 22 млн теңге өндірмек болған
2021 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен білім беру ұйымдарында 36 бухгалтер, экономист, іс қағаздарын жүргізушілерге қызмет көрсету аумағы кеңейтілген. Осыған байланысты оларға жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемақы белгіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында бір отбасының мүшелері газға уланып қалған
24 қарашада кешкі сегіз шамасында Мақат ауданының Доссор кентінде төтенше жағдай орын алды. Екі бала анасымен бірге газ иісіне уланып, ауруханаға жеткізілді. Қазір олар үйіне жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ет өнімдерінің экспортына тыйым салуды тоқтату қажет – депутат
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінң төрағасы Марат Омаровқа және Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ет экспортына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутаттар: Аудан әкімдерін сайлау үдерісін уақытша тоқтата тұрған жөн
Мәжіліс отырысында Ерлан Саиров депутаттық сауалында еліміз соңғы 5 жылда айтарлықтай ірі қадамдар жасап, бүгінде әрбір жексенбі сайын ауыл, аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатқанын айтты. Алайда мәселенің пысықтайтын тұстары да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 4 мыңнан астам дәрігер жетіспейді
Қазақстанда медицина кадрларына деген тапшылық әлі де күрделі болып тұр. Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елдегі дәрігерлер мен орта буын мамандарының жетіспеушілігі туралы өзекті статистиканы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты пікір білдірді
Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қаза болуына байланысты қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ІІМ вице-министрі Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Несие алуға қатысты тағы бір өзгеріс болады
Қазақстандықтар енді бір уақытта бірнеше несие ала алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда маска режимі енгізіле ме? ДСМ жауап берді
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс кулуарында Қазақстанда маска режимін енгізу-енгізбеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев ҰҚШҰ отырысына қатысу үшін Бішкекке барды
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір жылда 1916 қаза: Қазақстандағы жол апаттарының себептері неде?
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 1 916 адам қаза тауып, 40 мыңнан аса адам жарақат алды. Камералар саны көбейіп жатыр, жол қозғалысы дрондар арқылы қадағалана бастады, бірақ неліктен жол апаттары азаймай отыр? Бұл сұраққа ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Индонезияда нөсер жаңбырдың салдарынан 10 адам қаза тапты
Индонезияның Суматра аралында толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ринат Зайыт: Дәрігерлерге шабуыл үшін жазаны күшейту қажет
Мәжілісте медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін қорғауға бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Депутат Ринат Зайыттың айтуынша, бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды құжат, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігерлерді ұрғандар кемінде 2 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін: Депутат ұсынысқа қарсы шықты
Мәжілістің жалпы отырысында медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заң жобасын талқылау барысында депутаттар арасында қызу пікірталас болды. Депутат Снежанна Имашева ұсынылған айыппұлдар мен санкциялар тым қатаң болуы мүмкін екенін атап өтіп, бірқатар сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Digital Qazaqstan цифрландырудың кең ауқымды стратегиясының моделін бекітті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Цифрлық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы бірнеше ауданда құрылыс жүргізуге 20 жылға тыйым салынды
Алматыда 30 жер телімі 20 жыл мерзімге резервке қойылды. Осы уақыт аралығында бұл аумақтарда құрылыс жүргізуге болмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы басталды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласының іргесінде бой көтеретін қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылыс алаңында болды. Мердігерлер аймақ басшысына маңызды нысанның техникалық параметрлері, жоспарланған қуаттылығы және құрылыс кезеңдері туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дәрігерлерді қорғайтын заң не үшін керек? Аймағамбетов түсіндірді
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасының маңызын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан дәрігерлерді қорғауды күшейтпек: Қандай өзгеріс болады?
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылда медицина мамандарына жасалған 280 шабуыл тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп: Ресей мен Украина арасында келісімге қол жеткізетін күн жақын
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қоғамдық жердегі Wi-Fi-ды пайдалану жеке мәліметіңізге жол ашады
Қазір алаяқтар тұрғындарды өз құрығына түсіру үшін түрлі жолды пайдаланып жатады. Олардың схемасы сағат сайын, тіпті секунд сайын алмасып жатады. Өкініштісі сол, қанша ақпараттандыру жұмыстары белсенді жүргізілсе де, қазақстандықтар жиған ақшаларын алдарына салып беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануды шектеу: қажет пе, жоқ па?
Балаларды интернет пен әлеуметтік желідегі тәуекелдерден қорғау мәселесі қоғамда қызу талқылануда. Психологтар мен мектеп басшылары жасөспірімдерге желіні саналы және қауіпсіз пайдалану қажет екенін атап көрсетсе, ата-аналар кейде толық тыйым салуды қолдайды. Мамандардың пікірінше, тыйым салу ғана емес, онлайн белсенділікті бақылау, ақпараттық сауаттылық пен психологиялық қолдау арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.
-
Әуе кеңістігінің күзетшісі: Әуе диспетчерінің бір күні қалай өтеді?
Әуеде бір ұшақты 20 шақты әуе диспетчері қадағалап отырады. Олар үшін секундына дейін есептелген шешім, анық айтылған команда және болжағыштық қасиет - күнделікті жұмыстың бөлінбес бөлігі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ТОП-5 өңір: Ауыл дәрігерлеріне 8,5 млн теңге төленеді
Ауыл дәрігерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдауға 8,5 млн теңге төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Бәйтерек» холдингі құрылымы мен мазмұнын жаңартты
«Бәйтерек» холдингін құрылымы және мазмұны жағынан қайта құрылады. Директорлар кеңесі инвестициялар тарту бойынша міндеттемелерді бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Әскери комиссариат алдында топталған ата-ана: Алматыда жас жігіттерді көшеден ұстап әкетіп жатыр ма?
Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде әскерге шақыру жасындағы жігіттерді көшеден күштеп әскери комиссариатқа алып кетіп жатыр деп жазуда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімді балағаттаған оқушының анасына айыппұл салынды
Мұғалімге құрметсіздік танытқаны үшін оқушының анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін Қызылорда – Жезқазған тас жолы ашылады
Бүгін күрделі жөндеуден соң Қызылорда-Жезқазған тасжолы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада "біртүрлі" дәретхана пайда болды
Астанада алғашқы «ашық» дәретхана пайда болды. Бұл туралы астаналық тұрғын Ерлан Сәкенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
60 тонна мұнай өнімін контрабандалық жолмен шетелге шығарғандар ұсталды
Қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
78 адамды "жұмысқа орналастырып", 50 млн теңге жымқырғандар сотталды
Түркістан қаласында жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар банктерге қанша қарыз және енді кім несие ала алмайды?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар басқармасы азаматтардың тұтынушылық кредиттік жүктемесіне қатысты BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына жауап берді.
-
Дикий Арман, Құдайберген және Ысқақовтың жазасы жеңілдетілмейтін болды
Алматыда апелляциялық сот инстанциясы Арман Жұмагелдиев, Алматы қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтардың басым бөлігі кредитті үй жөндеуге алады
2025 жылғы алғашқы жартыжылдықта банктердің тауарлық кепілсіз тұтынушылық кредиттерінің 35%-ы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал 10%-дан астамы ірі тұрмыстық техникаға жұмсалған. Кредит алушылардың көпшілігі – 31-45 жас аралығындағы азаматтар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
60 жастағы мұғалім алаяққа 20 млн теңгесін беріп жіберген
Ақмола облысының 60 жастағы тұрғыны инвестициялармен байланысты ең көп таралған алаяқтық схемалардың бірінің құрбаны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Не үшін кезекке тұрдық": Мемлекеттен берілген үйлерге қатысты дау шықты
Жамбыл ауданындп әлеуметтік осал топтағы отбасыларға мемлекеттен берілген баспанаға қатысты дау шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Таиландтағы су тасқыны, Пәкістанның Ауғанстанға шабуылы
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек? – 285 мың адамға 27 млрд теңге бөлінді
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 285 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда тұрғын үй бағасы 10 жылда екі есе өсті
Алматыда соңғы он жылда тұрғын үй бағасы екі есеге жуық өсті. Бұрын мегаполистің жоғарғы бөлігінде 2 бөлмелі пәтерді 11,6–12,8 млн теңгеге сатып алуға болатын, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Білім саласына ЖИ енгізу бойынша жұмыс тобы құрылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру саласына жасанды интеллектті енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Той кортежіне айыппұл салынып, заңсыз “стробоскоп” тәркіленді
Түркістан облысында полицейлер жол ережесін бұзған той кортежін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
10 шетел азаматы шекараны құрылыс материалдарының арасында өтпек болған
ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Африка қақпасы: Марокко Қазақстанмен серіктестікті кеңейтуге дайын
Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Рашид Талби Әл-Аламидің шақыруымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Марокко Корольдігіне ресми сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда бір мезетте екі бизнес нысан өртенді
Бүгін, 26 қараша күні Алматыдағы Сейфуллин даңғылында жеке дүкен мен жанармай құю станциясы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қорғаныс министрі әскери горнизонға ескертусіз барып тексеріс жүргізді
Луговой гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов алдын ала ескертусіз «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 03811 әскери бөліміне барып, тексеріс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстаннан Ресейге жіберілген 12 тонна балмұздақ шекарадан кері қайтарылды
Россельхознадзор Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында Оренбург облысындағы Маштаково өткізу пунктінде 22 қараша күні 12,3 тоннадан астам әртүрлі балмұздақ өнімдері Ресейге кіргізілген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу аймағында жер сілкінісі сезілді
Жетісу аймағында 26 қараша күні таңертең жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша? Кімге және қандай шарттармен қарыздармыз?
Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, сыртқы қарыздың 65%-ы доллармен көрсетілген.
Қаржы министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 8,7 триллион теңгені құрады, ал жалпы мемлекеттік қарыз 35,5 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 23,6%-ын құрады. BAQ.KZ тілшісі елдің кімге қарыз екенін, қарыз алу шарттарын және болашақ төлемдердің қалай бөлінетінін зерттеді.
-
Таиландтың оңтүстігінде су тасқынына байланысты жүздеген мың адам эвакуацияланды
Оңтүстік Таиланд соңғы жылдардағы ең қатты су тасқынының бірін бастан кешіруде: нөсер жаңбырдан он провинцияны су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасай отырып.
-
Еңбектің күші – отбасының тірегі
Еңбекке адалдығы, табандылығымен ерекшеленетін мыңдаған қазақстандық жұмысшылардың бірі – Жамбыл облысының қарапайым ғана ауылында тұратын Дәурен Абдірасилов. Оның әр күні еңбекке арналғаны, әр істі жауапкершілікпен атқарады. BAQ.KZ тілшісі тынымсыз тіршіліктің тегеурінді жұмысшысымен сұхбаттасып қайтты.
-
Трамп Украина келісімінің жуық арада іске асатынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешу туралы келісімге қол жеткізуге "өте жақын" екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
-
Пәкістан Ауғанстан аумағына шабуыл жасады: ондаған адам қаза тапты
Пәкістан әуе күштері Ауғанстанға әуе шабуылдарын жасап, бір уақытта үш шығыс провинциясына шабуыл жасап, он бейбіт тұрғынды өлтірді. Бұл туралы BAQ.KZ BILD басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
-
26 қарашада Шымбұлақта қысқы маусым техникалық түрде ашылады
26 қараша күні, Шымбұлақ тау-курортында қысқы маусымның техникалық ашылуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды
Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Германияның геологиялық ғылымдар зерттеу орталығы (GFZ) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Эфиопияда 12 мың жылдан кейін алғаш рет жанартау атқылады
Эфиопияның солтүстік-шығысындағы Hayli Gubbi жанартауы 12 мың жылдық үзілістен кейін атқылап, 14 км биіктікке дейін күл көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
26 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қар жауып, көктайғақ болады". Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
26 қарашада еліміздің 15 облысында ауа райы күрт нашарлайды. "Қазгидромет" РМК республика аумағының бір бөлігінде жауын-шашын, қатты жел мен көктайғақ болып, тұман түсетінін болжайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх