Все новости за 23 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Астанада халықаралық "Шабыт" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Астанада "Шабыт" XXVIII халықаралық шығармашыл жастар конкурсының қорытындысы шығарылып, үздік қатысушылар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанда кедендік тексерулердің 81%-ында заңбұзушылықтар анықталды
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жүргізілген кедендік тексерулердің 81%-ында түрлі заңбұзушылықтар тіркелді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жедел жәрдемге қатысты тараған видео – фейк
Әлеуметтік желілер мен бірқатар онлайн-платформаларда қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері науқасты көшеде қараусыз қалдырды деген мазмұндағы видео тарауда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оралда екі қабатты ағаш үйден өрт шықты
Орал қаласындағы Самар көшесінде орналасқан екі қабатты ағаш тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды
Шымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама қала әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы 2025-2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қарағанды облысында қауіпті аймақтарға белгі қойылды
Қарағанды облысында қауіпті аймақтарға белгі қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Мексиканың батысында туристік автобус аударылды
Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында туристік автобустың аударылуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
-
Сурдлимпиада: таеквондошылар ел қоржынына 2 медаль салды
XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында таеквондодан ұлттық құрама спортшылары Аян Абдраш пен Айжамол Абдикатова керуги дисциплинасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана мен бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" 24 қарашада Астана мен 15 өңірде күн райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-тың Украина жоспары қайта қаралады: Трамп жаңа мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон ұсынған Украина бойынша жоспарды түпкілікті шешім емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Женевада Украина бойынша келіссөздер басталды
Швейцария астанасында Ұлыбритания, Франция, Германия, Украина және АҚШ өкілдері Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу мүмкіндіктеріне қатысты келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вьетнамдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 90-ға жетті
Қатты нөсердің салдарынан Вьетнамда болған су тасқыны кезінде қаза тапқандар саны 90 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жауын-шашын, боран, көктайғақ: 24 қарашаға арналған ауа райы
"Қазгидромет" 24 қарашаға арналған ел аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Головкинді жаңа қызметімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та шатдаун аяқталды: Бұл акциялар мен мұнай бағасына қалай әсер етті?
Қарашаның ортасында АҚШ-та шатдаун аяқталды. АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресстің қос палатасы алдын ала мақұлдаған алдағы екі айға арналған бюджет жобасына қол қойды. АҚШ Конгресінің бюджетті уақытында бекітіп, федералды үкіметтің жұмысын тоқтатпау туралы шешім қабылдауы әлемдік нарықтарға айқын белгі болды. BAQ.KZ тілшісі шатдаунның экономикаға әсеріне шолу жасап көрді.
-
"Esirtkisiz Elorda": Астанада студенттер арасында баскетболдан турнир өтті
Елордада "Заң және тәртіп" қағидаты аясында студенттер арасында 3х3 форматында баскетболдан финалдық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Әмір Омарханов ITF деңгейіндегі алғашқы кәсіби атағын жеңіп алды
Тунистің Монастир қаласында ITF M15 сериясына кіретін ерлер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Финалда 18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Германиядан келген өзімен құрдас спортшы Макс Шёнхаусты (ATP рейтингінде №824) жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркия БҰҰ-ның маңызды климаттық саммитін өткізеді
Түркия Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Рамалық конвенциясына мүше елдердің 31-конференциясын (COP31) қабылдайтын мемлекет ретінде ресми түрде жарияланды. Бұл шешім процесс қатысушыларының барлығының келісімімен қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Haber Global-ға сілтеме жасап.
-
Маңғыстауда жабайы түлкі балаларға шабуыл жасады
Маңғыстауда ауыл мектебінің екі оқушысы жабайы жануармен байланыстан кейін жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Халыққа қолдау: Алматы қаласы Алатау ауданының 19 мың тұрғыны көмек алды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев әлеуметтік бастамалар бойынша есеп беріп, халыққа көрсетіп жатқан қолдау мен қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бразилияның бұрынғы президенті неліктен қамауға алынғаны белгілі болды
Бразилия полициясы бұрынғы президент Жаир Болсонаруды 27 жылдық түрме жазасынан қашып құтылу үшін қылмыстық сөз байласуға қатысы бар деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ тілінде ән жаздырамын - Silk Way Star байқауының жеңімпазы
Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының жеңімпазы, моңғолиялық Мишель Джозеф қазақ тілінде ән шығарғысы келетінін айтты. Бұл туралы әнші Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Silk Way Star байқауы келесі жылы Қытайда өтеді
Азиядағы ең ірі вокалдық жобалардың бірі — Silk Way Star келесі жылы Қытайда жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Jibek Joly телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар темекіні аз шегіп, денсаулықтарын күтуге кірісті – ДСМ
Қазақстанда темекі шегудің таралуы тұрақты түрде төмендеп жатыр: 2020 жылғы 21,9%-дан 2025 жылы 17,5%-ға дейін азайған. Бұл — өңір бойынша ең жақсы нәтижелердің бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Израиль Ливан аумағына әуеден соққы жасады
Израиль армиясы Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы бірнеше аймаққа әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
30 жыл бойы бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші анықталды
Қарағандыда 30 жыл бойы бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапонияда ел намысын қорғаған елордалық спортшылар елге оралды
Астана тұрғындары Жапония астанасы Токиода төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі дода – Сурдлимпиада ойындарында сурдо дзюдодан ел намысын қорғаған елорда спортшыларын әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Silk Way Star: жарты миллионнан астам дауыс пен Азиядағы жаңа есім
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Silk Way Star вокалдық конкурсының гранд-финалының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Токиода өтіп жатқан Сурдлимпиадада екі қазақстандық балуан финалға шықты
Токиода өтіп жатқан XXV Жазғы Сурдлимпиадалық ойындарда сурдо еркін күрестен алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық сурдлимпиялық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының тізгінін қолға алады
World Boxing халықаралық ұйымы аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ұйымның жаңа президенті болатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық ынтымақтастық туралы келісімге келді
Алматыда ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың төрағалығымен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика саласына жауапты ведомстволары басшыларының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та бір адам H5N5 құс тұмауынан қайтыс болды
АҚШ-тың Вашингтон штатында бұрын адамға жұқпайтын H5N5 құс тұмауы штамын жұқтырған, ауыр созылмалы сырқаттары бар қарт ер адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Дауыс роботтары алматылық емханаларға пациенттерге қамқорлық жасауға көмектеседі
Алматының барлық емханасында ADMC жобасы аясында дауыс роботтары енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет мүшелері әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейтуді талқылады
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кезекті кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
G20-да дау тудырған құжат: Еуропа АҚШ-тың бейбіт жоспарына неге қарсы?
Оңтүстік Африкада өтіп жатқан "Үлкен жиырмалық" саммитінде Еуропа елдерінің басшылары, сондай-ақ Канада мен Жапония өкілдері АҚШ ұсынған Украина бойынша бейбітшілік жоспарын талқылап, оның елеулі түрде қайта қарауды қажет ететінін атап өткен бірлескен мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
Алматыда қойма өртеніп жатыр
ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласы Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қойма үй-жайында өртті сөндіру кезінде жоғары дәрежеде жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
23 қарашаға арналған валюта бағамы
Ұлттық банктің 23 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт шығып, жеңіл көлік өртенді
Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт болып, жеңіл көлік алапат отқа оранды. Оқиға туралы мәліметті өңірлік ТЖД растады. Бұл туралы BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-
ChatGPT қолданушыларыннан төлқұжат сұрай бастады
Reddit пайдаланушылары ChatGPT жүйесі пайдаланушының 18 жасқа толмағанына күдіктенсе, паспортпен жасын тексеруді сұрай бастағанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Habr сайтына сілтеме жасай отырып.
-
Қазақстан хоккейден Қытай құрамасын жеңді
Қазақстанның хоккей құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионаты-2025 жарысында өздерінің екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жоғалып кеткен 10 жастағы қыз табылды
22 қараша күні Полиция департаментіне 10 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар түсті. Ол туған күнді атап өткеннен кейін топтан бөлініп, белгісіз бағытқа кеткен. Қызды іздеуге мыңнан астам астаналық қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды
Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан FIFA Series 2026 матчтарын қабылдайтын елдер қатарына кірді
Қазақстан 2026 жылы өтетін жаңа халықаралық турнир – FIFA Series ойындарын қабылдайтын елдердің бірі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ұсақ бұзақылық үшін 22 мыңнан астам адам жазаланған
Қазақстанда жыл басынан бері 22 мыңнан астам азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында 171,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары биыл ерекше қарқынмен жүргізіліп, жылдық жоспар толық әрі мерзімінен бұрын орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еуропа елдері Трамптың "бейбіт жоспарына" түзету енгізуді ұсынды
Еуропа көшбасшылары, сондай-ақ Канада мен Жапония АҚШ ұсынған Украина бойынша «бейбіт жоспарда» мәселелі тұстар бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Құдайберген Silk Way Star байқауының жеңімпазын марапаттады
Димаш Құдайберген Азия вокалдық Silk Way Star байқауының жеңімпазына сыйлық табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх