Все новости за 5 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
44 қазақстандық университет Азияның үздік оқу орындарының қатарына енді
QS Quacquarelli Symonds агенттігі 2026 жылға арналған Азияның үздік университеттерінің рейтингін жариялады. Биыл тізімге 25 елден 1529 жоғары оқу орны кірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
-
Білім саласындағы бірнеше лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Мемлекеттік аудит нәтижесінде Оқу-ағарту министрлігінің, жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.
-
Орталық Азияда тек Қазақстан орта табысты ел мәртебесін сақтап қалды
2025 жылы Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуетін салыстырғанда Қазақстан ғана тұрақты түрде орта табысты мемлекет мәртебесін иеленіп отыр. Өзбекстан реформалар мен өндіріс көлемін арттыру есебінен осы қатарға жақындап келеді, ал Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сыртқы көмек пен ақша аударымдарына тәуелді күйінде қалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of Central Asia басылымына сілтеме жасап.
-
Боран, қар, көктайғақ: 12 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 6 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
2025 жылғы 5 қараша сағат 21:00-де Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалім "аурумын" деп 1 жылға демалыс алып, екі аспаздық шоудың жұлдызына айналды
Мұғалім ұзақ уақыттық ауру демалысында жүрген кезінде телебағдарламаға қатысып, дау тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.
-
Тоқаев Филиппин президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Филиппин президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Өскемендегі перзентхананың терезесінен сирек кездесетін үкі көрінді
Өскемендегі Ана мен бала орталығының терезесінен сирек кездесетін сұр үкі көрінді. Табиғаттың тосын сыйы перзентхана қызметкерлері мен аналарды таңғалдырды. Бұл құс қалада өте сирек кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарттар үйінде өрт шығып, 10 адам тірідей жанып кетті
Қарттар үйінде кешкі уақытта өрт шығып, 10 адам қаза тапты, 20-ға жуық адам жарақат алды. Өрттің шығу себебі электр сымдарының ақауынан болуы мүмкін. Тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Еuronews басылымына сілтеме жасап.
-
Ішкі саясаттағы жүйесіздікке нүкте қойылды – депутат
Депутат Нартай Аралбайұлы Президент бекіткен тұжырымдама өңірлердегі ішкі саясаттың ортақ бағытын айқындайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астананың дәстүрлі медиа апталығында не талқыланды?
Astana Media Week қалай өтіп жатыр, оның ерекшелігі неде, биылғы апталықта қандай тақырыптар талқыланады? BAQ.KZ тілшісі репортажынан көре аласыздар.
-
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға бақылау күшейтілуде
Сауда министрлігі баға өсімін тежеу үшін ерікті келісімдер жасау бастамасын көтерді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасын тұрақтандыру және ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-дағы жол апатына қатысты тың деректер: қаза тапқандар заңсыз таксидің жолаушылары болған
Кеше Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан қаза тапқан бес адамның заңсыз таксидің жолаушылары болғаны анықталды. Toyota Estima көлігі Өскемен – Риддер автожолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігіне соғылған. Бір адам жараланды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі жолда ақау шыққандықтан, апат кезінде кабинада болмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биылғы "ҮРКЕР" Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» - 2025 Ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанайдағы қанды қылмыс: әйелін және енесін аяусыз өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Қостанай облысында 45 жастағы ер адам әйелін және оның анасын пышақтап өлтіргені үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Банктер қарызын төлей алмағандарға несие бермейді
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға азаматтардың қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған шаралар туралы сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Дохадағы әлемдік саммитте әлеуметтік саясаттың жаңа үлгісін таныстырды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ипотекалық несие нарығында не өзгереді? – Әбілқасымова түсіндірді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында ипотекалық несиелер бойынша қандай өзгеріс болатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұжырымдамалық құжат саяси реформалардың "екінші тынысы" іспетті – саясаттанушы
Саясаттанушы Айгерім Серікжанова Президент бекіткен қағидаттар осыған дейінгі реформалардың идеологиялық және институционалдық іргетасын бекітетінін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Bek Air ұшағының апатына кім кінәлі екені анықталды
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Дастан Алмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанында болған Bek Air әуе апатына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қанат Сахария: Қазақтілді контент – ақпараттық тәуелсіздіктің негізі
Astana Media Week 2025 аясында "MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС бас директоры Қанат Сахария қазақтілді интернет-контент туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ішкі саясат тұжырымдамасы алауыздық қаупін азайтады – Әбішев
Саяси шолушы Ғазиз Әбішев Президент бекіткен қағидаттар ұлт бірлігін және саяси жүйенің тұрақтылығын нығайтуға бағытталғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жауған алғашқы қар жарты айлық нормадан асып кетті
Алматыда соңғы тәулікте шамамен 20 мм қар жауды. Бұл қараша айындағы жауын-шашынның орташа нормасының жартысына тең, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді әкімдіктер туристік нысандарға бөлінген жердің мақсатты пайдаланылуын бақылайды
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда туристік саланы қолдау мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Astana Media Week: БАҚ-та біреудің жеке өмірін жариялау медиаэтикаға жата ма?
Бүгін Astana Media Week апталығы басталды. Оның аясында BAQ.KZ тілшісі Медиаэтика және жасанды интеллектіні БАҚ-та қолдану тақырыбында Қазақстан телеарнасының директоры Болат Мүрсәліммен шағын сұхбат құрды.
-
Алақанмен ақша төлеу қаншалықты қауіпсіз?
Kaspi Alaqan сервисі іске қосылғаннан кейін қоғамда жаңа биометриялық төлем технологияларының қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар туындады. Осыған байланысты журналистер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан пайдаланушылардың деректері қаншалықты қорғалғанын және реттеуші қандай қауіптерді көріп отырғанын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су ресурстары қалай үнемделуде? – министрлік жауап берді
Сарапшылардың пікірінше, еліміздің бірқатар өңірінде 2030 жылға дейін су тапшылығы сезілуі мүмкін. Сондықтан суды үнемдеу қажет-ақ. Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев осы мақсатта атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркияның беделді Anadolu Ajansı агенттігі BAQ.KZ-пен тәжірибесін бөлісті
Түркияның Anadolu Ajansı агенттігінің стратегиялық коммуникациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Билгехан Өзтүрк жасанды интеллектімен жұмыс істеудегі тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алаяқтар рәсімдеген кредитті енді банктер өздері жабады
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Anadolu Ajansı: ЖИ – журналистиканы жоятын емес, күшейтетін технология
Түркияның Anadolu Ajansı агенттігінің стратегиялық коммуникациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері (Strategic Communications & Foreign Relations Manager Anadolu Ajansı) Білгехан Өзтүрк медиа индустриясында жасанды интеллектті қолдану тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қанат Сахария: Жасанды интеллект журналисті алмастыра алмайды
Astana Media Week 2025 аясында елордадағы "Qazcontent" АҚ ұйымдастырған "Журналистика тоғысында: жасанды интеллекті бар цифрлық медианың пайда болуы" атты панельдік сессияда "MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС бас директоры Қанат Сахария жасанды интеллект дәуірінде журналистиканың болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Білімпаздық пен инновациялар – ішкі саясаттың басым бағыттары қатарында
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстандықтар кредитті не үшін алады? Тізім жарияланады
Журналистердің сұрағына жауап берген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтар не үшін кредит алады деген мәліметті жариялауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда тұтынушылық кредитке жаңа шектеулер енгізіледі
Редакциямыз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан елімізде тұтынушылық кредитті беруге қатысты қандай да бір өзгерістердің бар-жоғын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Банктерді мемлекеттің ақшасымен құтқару дәуірі аяқталуы керек – депутат
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев банктер мен банк қызметі мәселелері бойынша заң жобасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
4 миллион теңге алимент төлемеген шымкенттік түрмеге қамалды
Шымкентте 4 миллион теңге алимент төлемеген борышкер түрмеге қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутат арнайы әлеуметтік шоттар енгізуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қазақстанда бұғаттаудан қорғалатын әлеуметтік шоттар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Берік Бейсенғалиев: "Қаржылық ойыншылар" неғұрлым көп болса, бәсекелестік соғұрлым жоғары болады
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиевтің банктер мен банк қызметі мәселелері туралы айтқаны
-
Алматыда бос тұрған әкімшілік ғимараттан өрт шықты
Медеу ауданындағы Самал шағын ауданында орналасқан бұрын пайдаланылған әкімшілік ғимарат өртенді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Пржевальский жылқысы табиғатымызға сәтті бейімделуде
Қазақстанда Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Qazcontent" Astana Media Week алаңында пікірталас өткізді
Astana Media Week 2025 аясында елордадағы "Қазмедиа" орталығында “Qazcontent” АҚ ұйымдастырған "Журналистика тоғысында: жасанды интеллекті бар цифрлық медианың пайда болуы" атты панельдік сессия өтті.
-
Қазақстанда құлан популяциясы қалпына келтірілді
Елімізде бұрын жойылып кеткен құландарды қайта жерсіндіру жұмыстары оңтайлы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Банктерді бюджет есебінен құтқару дәуірі аяқталды – Мәдина Әбілқасымова
Мәжіліс отырысында депутат Айдарбек Қожаназаров Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға банктердің ұжымдық жауапкершілігі мен жарна жинау тәртібіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Цифрландыру дәуірінде медиа шындық пен этиканың көзі болып қалуға тиіс – БҰҰ өкілі
Елордада өтіп жатқан Astana Media Week 2025 алаңында БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек журналистика мен медиаға технологиялық өзгерістер кезеңінде жүктелетін жаңа міндеттер туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
10 км – үш сағатта: Алматы облысында жүргізушілер жол жөндеу жұмыстарына шағымданды
Алматы облысының тұрғындары дабыл қағуда. Олардың сөзінше, Сорбұлақ тасжолында көлік қозғалысы іс жүзінде тоқтап тұр. Ұзаққа созылған жөндеу жұмыстарының кесірінен жүргізушілер бірнеше шақырым жолды жүріп өту үшін сағаттап уақыт жоғалтады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат: Банктер халықтың есебінен пайда көріп отыр
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға заң жобасына енгізілген мінез-құлықты қадағалау принциптерінің тиімділігіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
WhatsApp-та алаяқтарға сенген зейнеткер пәтерінен айырылды
Ақтөбеде алаяқтардың сөзіне сенген зейнеткер пәтерінен, әшекейлерінен және жинақ қаражатынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Іле-Балқаш даласына жолбарыстар қайта оралады
Жолбарысты Қазақстан табиғатына қайта қайтару мақсатында 2026 жылы елімізге Ресейден үш-төрт жолбарыс әкелінбек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістан облысындағы қанды атыс: бетперде киген қарулы адамдар 17 жастағы бозбаланы атып өлтірді
Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы шағын Көктерек ауылында қарулы қақтығыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция күдіктілердің бірін ұстады, екіншісі іздестірілуде. Оқиға жергілікті тұрғындар үшін үлкен дүрбелеңге айналып, қазір ауыл халқы кешкі уақытта сыртқа шығудан қорқып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ысқақов: ЖИ туралы жаңа заң медиа саласының цифрлық трансформациясына құқықтық негіз қалыптастырады
Елордада өтіп жатқан Astana Media Week 2025 аясында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов медиа мен коммуникация саласында жасанды интеллектті реттеу және дамыту жөнінде мемлекет ұстанымын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент тапсырмасы: Көкшетауда қайтарылған активтер есебінен жаңа кешен салынуда
Президент тапсырмасы бойынша Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қардың салдары: Алматының бірнеше ауданында жарық өшті
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан кейін бірқатар аудандарда электр жарығы сөнді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ипотека мөлшерлемесі төмендетіле ме? – Әбілқасымова жауап берді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Тілектес Адамбеков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша жылдық шекті мөлшерлемені төмендету туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда “банкті құтқару” тәртібі өзгеретін болды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда БАҚ-қа сенім Орта Азия бойынша ең жоғары деңгейде
Қазақстанда 1 мыңнан астам телеарна, баспа және цифрлық БАҚ, ақпарат агенттіктері мен жергілікті басылымдар жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект медиаға жаңа талаптар жүктейді – Аида Балаева
Жасанды интеллектіні пайдалану медиаға жаңа мүмкіндіктермен қоса, жауапкершілік пен талаптар да жүктейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Қытай спутнигі ұшты, АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады, ЮНЕСКО арнайы дата бекітті
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Аида Балаева: Ақпарат – басты ресурс, медиа алаңындағы ашық диалог маңызды
Елордада өтіп жатқан Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығының ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзі оқылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар тағы бірнеше заңды жұмысқа алды
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде жер қойнауын барлауға жаңа мүмкіндік берілді
Мәжіліс “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” кодекске көмірсутек және уран секторында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк алақан арқылы төлем жасауға қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Kaspi Bank таныстырған жаңа алақан арқылы төлем жасау технологиясына байланысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Astana Media Week-2025: Орта Азиядағы ең ірі медиа апталық өтіп жатыр
Елордада Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы алғашқы қар: 6 адам зардап шекті
Алматыда өткен түнгі қардың салдарынан 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Astana Media Week: Жабық есік артындағы дайындық
Елордада Astana Media Week дәстүрлі медиа апталығына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дэвид Бекхэм рыцарь атанды: Король Чарльз III футбол аңызын марапаттады
Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм футболды дамытуға қосқан зор үлесі мен британ қоғамы алдындағы еңбегі үшін ресми түрде рыцарь атағын алды. Футбол аңызын король Чарльз III марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
-
Астаналық зейнеткер алаяқтардан 39 миллион теңгесін қайтарып алды
Астана полицейлері алаяқтар ұрлап кеткен 39 миллион теңгені зейнеткерге қайтарып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте жаңа төселген асфальт опырылып түсті
Шымкенттің Восток шағын ауданында жаңа төселген асфальт опырылып, кем дегенде төрт көлік шұңқырға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алғашқы мұсылман мэр: Нью-Йорктегі сайлау нәтижесі белгілі болды
34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі болып сайланды. Ол сайлауда Дональд Трамп қолдаған тәуелсіз кандидат Эндрю Куомоны жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 5 қарашада Қазақстанның екі қаласында – Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жасар қызды көлік қағып кетті
Ақтауда 26-шағын ауданда жол-көлік оқиғасы орын алды. Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған қыз баланы қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
2025 жылы ипотекамен үй алу үшін айлығыңыз қанша болуы керек
Қазақстанда нарықтық ипотека мөлшерлемелері әлі де жоғары болып отыр, яғни жылдық мөлшерлеме 20%-дан асады. Ал "Отбасы банктегі" жеңілдетілген бағдарламалар қолжетімдірек болғанымен, онда тұрақты ресми табыс талап етіледі. BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында экономист Бауыржан Искаков несиеге қол жеткізу және қарыз жүктемесіне батпау үшін қанша табыс керек екенін түсіндірді.
-
Кентуккиде жүк ұшағы апатқа ұшырап, кемінде үш адам қаза тапты
АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында UPS компаниясына тиесілі жүк ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Астанада Сәтбаев университетінің жаңа инженерлік кампусы ашылды
Астанада Сәтбаев университетінің жаңа инженерлік кампусының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа ғимарат білім, ғылым және инновацияны біріктіретін заманауи инженерлік орталыққа айналмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
-
АҚШ Венесуэлаға қатысты әскери әрекеттің үш нұсқасын қарастыруда
АҚШ әкімшілігі Венесуэлаға қарсы ықтимал әскери операциялардың үш нұсқасын талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ New York Times басылымына сілтеме жасап.
-
Атлант мұхитында 1,7 тонна кокаин тиелген суасты кемесі ұсталды
Португалия билігі Атлант мұхитында 1,7 тоннадан астам кокаин тасымалдаған сүңгуір қайықты қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Пентагон: АҚШ Еуропадағы әскерін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ
АҚШ Қорғаныс министрлігі Еуропадағы америкалық әскери контингентті азайту жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Филиппинде жойқын тайфуннан кемінде 40 адам қаза тапты
Филиппиннің орталық бөлігін соққан биылғы ең қуатты тайфундардың бірі – «Калмаеги» салдарынан кем дегенде 40 адам қаза тауып, жүздеген мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Қарлы боран, көктайғақ: 11 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 5 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының күрт нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Еурокомиссия Украинадан сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді талап етті
Брюссельде ұсынылған Еуропалық комиссияның жыл сайынғы есебінде Украина Ресейдің басып кіруіне қарамастан еуропалық реформалар жолында айтарлықтай ілгерілеу жасағаны атап өтілді.
Наверх