Все новости за 12 тамыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Путин мен Трамп Анкоридж қаласында кездеседі – Ақ үй
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың екіжақты кездесуі Анкориджде (Аляска) өтеді.
-
Найзағай, бұршақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 13 тамыз күні Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
-
Сот экс-президенттің әйелін сыбайлас жемқорлық үшін қамауға алды
Бұл – ел тарихында экс-президенттің жұбайына ордер берілген алғашқы жағдай.
-
Тергеу изоляторындағы қателік: сотталған азамат заңсыз босатылмақ болған
Атырау қаласындағы тергеу изоляторында қызметкер жіберген қателік салдарынан сотталған азаматты мерзімінен бұрын босатуға құжат рәсімделген.
-
Астанада биыл 8 жаңа студенттік жатақхана ашылады
Астанада 2025 жылы жалпы сыйымдылығы 4 716 орындық сегіз студенттік жатақхана пайдалануға беріледі.
-
Әлемнің 26 елінен келген 800 спортшы Азия чемпионатында сынға түседі
16-30 тамыз күндері Шымкент қаласында нысана көздеуден және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пәтерінен айырылған профессорға белгісіз жан 23 млн теңге көмек көрсетті
Жақында алаяқтардың құрбаны болып, пәтерінен айырылған профессор Кәкен Қамзинге белгісіз жан 23 миллион теңге көмек көрсетті. Бұл туралы профессор әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада 2 млн теңгесі бар сейфті ұрлаған күдіктілер ұсталды
Астана полицейлері сейф ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бауыр үшін бәріне дайын": Ағасы қарындасына, егіздің сыңары інісіне бүйректерін берді
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ермек Көшербаев: Жұмысшы мамандық – тұрақтылық пен кәсіби өсу жолы
Республикалық жастар форумында Ермек Көшербаев Қазақстан кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттарын белсенді енгізіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодардағы форум: Жұмысшы мамандықтардың беделі артады
Мемлекеттік қолдау, кәсіби жандардың тәжірибесі және жаңа буын энергиясы: Қазақстанда республикалық жастар форумы бастау алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Jastar-X" диалог алаңы – жастардың заманауи трендтер мен жұмыс ортасына көзқарасы
12 тамызда республикалық жастар форумының қатысушылары Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында өткен "Jastar-X" республикалық диалог алаңына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда Sinotruk-пен бірлескен кәсіпорын құрылды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Sinotruk компаниясының Қазақстандағы Saran Machinery компаниясына қосылуы туралы келісімге қол қойылды. Осылайша коммерциялық және арнайы техника өндіретін бірлескен кәсіпорын құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ білезігі сәнге айнала ма? Джей Лоның қазақша стилі әлемді сүйсіндірді
Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопес Instagram-да Астанада өткен концерттің ұйымдастырушылары сыйлаған қазақ әшекейлерін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қалтырау, қызу көтерілу, бөртпе: Чикунгуньяның Қазақстанға таралу қаупі бар ма?
ДДСҰ чикунгунья қызбасын жұқтырудың жаһандық қаупі туралы ескерту жасады. Бұл ауру әлемнің 119 елінде 5,6 млрд адамды қамтуы мүмкін. Қазақстан да бұл қауіптен тыс емес. BAQ.KZ тілшісі қауіп деңгейін анықтап, оның алдын алу шараларын білді.
-
“Елдің үштен бірі жастар”: Олардың мамандық таңдауда жиі жіберетін қателіктері қандай?
Қазақстанда 14–35 жас аралығындағы жастар саны 6 миллионға жуықтап, ел халқының үштен бірін құрайды. Қазақстандық жастар әлеуеті мен жастар саясаты нәтижелері қандай, жастар арасында қандай мамандықтар сұранысқа ие және олар мамандық таңдауда қандай қателіктер жібереді? Халықаралық жастар күніне орай, осы және өзге де сұрақтарға жастар саясаты саласы сарапшысы, профориентолог Жасұлан Қуандық жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қостанайда экоквест пен экологиялық шатырлы лагерь өтті
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айының басында іске қосылған "Таза Қазақстан" бағдарламасын қостанайлықтар ауқымды түрде қолдауды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда ЖИ технологияда аймақтық көшбасшы болуға мүмкіндік мол – сарапшы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторына енгізуді қолға алу қажеттігін айтты. Бұл экономиканы түбегейлі жаңғыртуға, еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізері анық. Astana HUB бас директорының кеңесшісі, IT-сарапшы Ілияс Мақашев ол үшін нақты қандай істер қолға алынуы қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында алып тас туристі басып қалды
11 тамыз кешке Талғар ауданындағы “Физкультурный” шыңында (теңіз деңгейінен 4 мың метрден жоғары) алып тас Ресейден келген 72 жастағы туристің аяғын басып қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі
-
Қазақстанда ЖИ енгізу үшін цифрлық штаб құрылды
Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді: цифрлық трансформация бойынша топ (цифрлық штаб) құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қыз Жібек сияқты: Димаштың қарындасының қыз ұзатудағы образы қанша тұрады
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы – Раушан Құдайберген жақында жаңа өмірге қадам басты. Оның қыз ұзатудағы бейнесі әлеуметтік желілерде оқырмандардың таңданысын тудырды. Желі қолданушылары қалыңдықтың образы қаншаға түскенін есептеп шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экономист: Үкімет қысқа мерзімде экономикалық серпін бере алды
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2025 жылғы қаңтар-шілде аралығында ЖІӨ былтырғы жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға артқан. Экономист Бауыржан Ысқақов мұндай нәтижеге Үкіметтің мақсатты әрекеттерінің арқасында қол жеткізгенімізді айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда ең жоғары жалақыны кім алады?
Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай сала мамандары алатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әзербайжаннан Кореяға дейін: "Silk Way Star" қатысушылары Астанада бас қосады
2025 жылдың 15 тамызында Астанада Орталық Азия тарихындағы тұңғыш халықаралық "Silk Way Star" ән байқауының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ІТ-сарапшы: 4,8 трлн долларлық ЖИ нарығында Қазақстанның өз орны болады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы 2033 жылға қарай AI нарығы 4,8 триллион долларға жетуі мүмкін деп болжам жасады. Бұл өз кезегінде Қазақстан нарығына қалай әсер ететінін Astana HUB бас директорының кеңесшісі, IT-сарапшы Данабек Қалиаждаров түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бас Прокурор: Қылмыс азайды, бірақ интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы өзекті болып тұр
Бас Прокурор 7 айдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент жастарға үндеу жасады: "Елімізге жаңашыл, еңбекқор жастар қажет"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қытай Орталық Азиямен авиация саласын дамытуға ниетті
Астанада өткен 2-ші Қытай–Орталық Азия (C5+1) азаматтық авиация ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобы конференциясында Қытай азаматтық авиация әкімшілігінің Халықаралық байланыстар департаменті бас директорының орынбасары Бай Венли екіжақты және көпжақты әріптестікті нығайту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Барахолкадағы” өрт: кінәлі кім?
Кеше, 11 тамызда Алматыда халық арасында “Барахолка” деп танылған базарда өрт шықты. Тілсіз жаудың салдарынан асхана өртеніп кетті. Бұл жағдайға кінәлі кім? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі оқиға орнына барып, анықтап көрді.
-
Ауруханадағы жанжал: агрессивті ер адам науқасқа шабуыл жасап, полицейге қарсылық көрсетті
Шымкент қаласындағы бір ауруханада белгісіз ер адам агрессия танытып, науқасқа жұдырық ала жүгірді, кейін полицейге қарсылық көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді
Президент Жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті еліміздегі ұлттық мәртебеге ие болған 18-ші жоғары оқу орны атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда орыс тілінде оқытатын сыныптар жабыла ма?
Елімізде қазақ тілінде оқытатын сыныптардың саны өсіп жатқанымен, орыс тіліндегі сыныптарды жабу жоспарланбайды.
-
"Ауыл аманаты" ауыл стоматологиясына тың серпін берді
Қазақстандағы ауылдық елдімекендерде шамамен 7,6 млн адам немесе елдегі халықтың 38%-ы тұрады.
-
Қазақстан агросекторы: азық-түлік қауіпсіздігі мен өңірлік тұрақтылықтың жаңа драйвері
Қазақстан ауыл шаруашылығы кешенін жүйелі түрде дамытып, оны өңірлік тұрақтылық пен жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің тірегіне айналдырып келеді.
-
Билет бағасы және шағым: Әуе жолаушылары не білуі керек?
Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы заңмен реттелмейді. Соған қарамастан, жолаушылардан рейске қатысты шағымдар жиі түседі.
-
Мектепке хиджабпен келсе не болады?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "мектепке хиджабпен келуге бола ма?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 қыркүйектен бастап мектептегі ас мәзірі қалай өзгереді?
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы президентін марапаттады
Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
3 мыңға жуық талапкер білім грантынан бас тартуы мүмкін – министр
Биыл да шамамен 3 мың талапкер мемлекеттік білім грантынан бас тартуы ықтимал. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбыл облысында балалар құлдыққа түскен бе? – министр мән-жайды түсіндірді
Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жамбыл облысында балалардың құлдыққа түскені жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты: барлық экипаж мүшесінің денесі табылды
12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды.
-
ҚазҰУ студентінің қаза болу себебі белгілі болды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің қаза болу себебі белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда жатақханадан орын жетпеген студенттер қайда бара алады?
Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында орын жетпей қалған студенттер қайда жүгіне алатынын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Үш ауысымды мектептер мәселесі биыл толық шешіледі – Бейсембаев
Қазақстанда үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай азайды.
-
Қыркүйекте мемлекеттік тілді бүлдіршіндерге үйрететін жоба іске қосылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында мемлекеттік тілге бағытталған жобалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Індет өршіп барады: Бангладеште денге безгегінен 101 адам көз жұмды
Бангладеш індет өршіді. Билік өкілдері алдын алу шаралары күшейтілмесе, биылғы індет Оңтүстік Азия еліндегі ең ауқымдысы болуы мүмкін деп қауіптенеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.
-
Пәндерді біріктіру мұғалімдерді қысқартпай ма? – министр түсіндірді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп пәндерін біріктіру туралы ұсынысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар Токио мен Нью-Йоркке тікелей ұша алады
Токио мен Нью-Йоркке Қазақстаннан рейс ашылады.
-
С5+1: Қазақстан көрші елдермен авиация саласында ынтымақтастықты күшейтпек
Қазақстанда "Орталық Азия – Қытай" (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектептегі түскі ас: енді ата-ана мәзірді онлайн қарап, баға береді
Мемлекеттік қолдау шараларының нысаналы әрі ашық болуын қамтамасыз ету үшін пилоттық режимде "Әлеуметтік әмиян" жобасы енгізілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісайдағы қанды оқиға: әйелді көміп, атпен таптаған қаскөй 20 жылға сотталды
Түркістан облысында 38 жастағы Әйгерім Әжікееваны аса қатыгездікпен өлтірген Төрехан Ералхановқа үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Газадағы журналистер қазасы, ЕО санкциясы және Австралияның Палестинаны мойындауы
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.
-
"Аспанда қалықтап жүруді армандады" – тікұшақ апатынан көз жұмған әскеридің анасы
Сорбұлақтағы тікұшақ апатынан қаза тапқан әскеридің анасы баласы туралы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"7,7 млрд теңге үнемдедік". Министр балабақшадағы жаңа жүйені түсіндірді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда енгізіліп жатқан жаңа қаржыландыру жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қарқынды күшейту қажет". Министр әкімдерге ескерту жасады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мектеп құрылысы мен жаңарту жұмыстары қалай жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аралдық жиһаз шебері жеңілдетілген несие алып, цехын дамытып жатыр
Қызылорда облысының Арал қаласында тұратын Нұрболат Бисембаев жиһаз шеберлігі арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отыр. 2021 жылдан бері үй жиһаздарын жасап келе жатқан ұста биыл “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, шағын цехын кеңейткен.
-
Алматыдағы балалар үйін көшіру дауы: үш шенеунік қызметінен босатылды
Алматыдағы балалар үйінен тәрбиеленушілерді Қонаевқа көшіру кезінде туындаған дауға байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары және екі басқарманың басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Оксфордта қазақ тілін үйренушілер саны көбейіп келеді
Қазақстандық университеттердің филиалдары шетелде ашылып жатыр.
-
Таразда көлікпен “түйгіштесу” ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Таразда қауіпті автошеру ұйымдастырғандарды полицейлер жауапқа тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Димаштың жапондық жанкүйері қазақтың әнұранын орындады
Жапонияның Осака қаласында өткен ЭКСПО көрмесінде қазақ рухын асқақтатқан ерекше сәт болды. Димаш Құдайбергеннің жанкүйері Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын қазақ тілінде шырқады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қалдықтың қадірі: Ғалымдар миллиардтаған теңгенің көзін тапты – Саясат Нұрбек
Қазақстанда ғылыми зерттеулерді өндіріс қажеттілігіне бейімдеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек BAQ.KZ-тің YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
-
Дәрігерлердің қауіпсіздігі: еліміздегі стационарларда 152 полиция посты орнатылды
Денсаулық сақтау министрлігі мен аумақтық полиция департаменттері республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 152 полиция постын іске қосты.
-
Италияда көліктен қоқыс тастағандарға айыппұл мөлшері артты
Енді көліктен жолға немесе тротуарға лақтырылған қоқыс пакеті үшін жүргізушіге 18 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.
-
ЖІӨ өсімі: көлік, құрылыс және сауда салалары көш бастады
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-шілде айларында елдің жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,3%-ға артты.
-
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК дерегінше, 12 тамызда Алматыда, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Мұндай құбылыс атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелуі мүмкін.
-
ШҚО-да 9 млрд теңгеге заңсыз электр энергиясын сату ісі әшкереленді
Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа ұйымдастырушы Астанада екі пәтер мен төрт автокөлік сатып алған. Қазір тергеу және тексеру жұмыстары жүргізілуде.
-
Шетелден әкелінген көлікке утильалым төлеу тәртібі: нені білу керек?
Жеке мақсатта шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерге утильалым төлеу ережелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен Үкімет қаулыларына сәйкес қатаң реттеледі.
-
Апаттың себебі белгісіз: әуежайдың ұшу-қону жолағында екі ұшақ соқтығысты
Ұшақ ұшу-қону жолағына жақындаған сәтте өртеніп, жалын жолаққа іргелес аумаққа тараған.
-
Қазақстандық деректі фильм Нью-Йоркте беделді марапатқа ие болды
Бұл марапат көрнекті режиссер және редактор Сикай Тангтың құрметіне бекітілген және маңызды әлеуметтік, мәдени тақырыптарды шығармашылық әрі терең кино тілінде зерттейтін еңбектерге беріледі.
-
Қостанайда жер қатынастары саласында 50 заңсыздық анықталды
Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген.
-
Соңғы сағаттардағы шешім: Трамп Қытай тауарларына тарифті 90 күнге шегерді
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға жоғары импорттық тарифтерді 90 күнге кейінге қалдыру туралы жарлыққа қол қойды.
-
Франциядағы ең ірі АЭС медузалар кесірінен жұмысын тоқтатты
Францияның солтүстігіндегі Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан "Гравлин" атом электр станциясы медузалардың жаппай келуіне байланысты уақытша жұмысын тоқтатты.
-
Қазақстан мен Сербия саяси және экономикалық байланыстарды нығайтады
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың үшінші раунды өтті. Кездесуде саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар күнтізбесі талқыланды.
-
Австрияда алғаш рет гендерлік бейтарап паспорт берілді
Австрия билігі алғаш рет шетелдік паспортта жынысы ретінде "ер" не "әйел" орнына "X" белгісі қойылған гендерлік бейтарап құжат берді.
-
Зеленский мен ЕО көшбасшылары Трамппен келіссөз өткізбек – Bloomberg
Еуропалық одақ елдерінің көшбасшылары мен Украина президенті Владимир Зеленский 13 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлеседі.
Наверх