Все новости за 23 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
АМӨЗ қамыстың өртенуіне қатысы бар деген қауесетті теріске шығарды
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 13-19 маусым аралығында зауыт тұрақты технологиялық режимде жұмыс істеп, ешқандай өндірістік іркіліс пен апатты жағдай тіркелмегенін мәлімдеді.
-
Астанада Қазақстан полициясы күніне орай дрондар шоуы ұйымдастырылды
Елордада Қазақстан полициясы күніне орай ерекше дрондар шоуы өтті.
-
Иран АҚШ-тың Катар мен Ирактағы әскери базаларына 11 зымыран ұшырды – БАҚ
Иран Қарулы күштері АҚШ-тың Катар мен Ирактағы әскери базаларына қарсы 11 зымыран ұшырды.
-
Дамаскіде шіркеуге жасалған лаңкестік әрекеттің ұйымдастырушылары ұсталды
Сирияның қауіпсіздік қызметтері Дамаскідегі Мар Элиас шіркеуіне жасалған лаңкестік шабуылдың ұйымдастырушысына және онымен байланысы бар қылмыстық топтың бірнеше мүшесіне қатысты арнайы операция жүргізіп, оларды ұстады.
-
БҚО-да жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты
Бүгін, 23 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында жүк көлігі теміржолда пойызбен соқтығысты.
-
Жайықтан Каспийге дейін: Атырауда 33 шақырымдық бөгет салынды
Соколок каналына Жайық өзенінен Каспий теңізіне дейінгі аралықта ұзындығы 33 шақырымды құрайтын бөгет салынды. Оның биіктігі – 3 метр, ені – 6 метр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Айбын-2025»: Жастар автомат құрастырып, робот әзірлеуде
Ақтөбе облысында «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиыны басталды. Бір күн бұрын далалық лагерь аумағына 50-ден астам команда, оның ішінде 5 шетелдік команда келді. Жиынға қатысушылардың жалпы саны 700-ден астам ұл мен қыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰБТ-2025: Талапкерлердің тек 70%-ы шекті балл жинады
2025 жылғы 16 мамырда басталған негізгі ҰБТ басталғаннан бері 268 мыңға жуық тестілеу өткізілді. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 221 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су ұрлығы: Үш облыста заңсыз су тарту фактілері тіркелді
Су ресурстары және ирригация министрлігі судың «көлеңкелі нарығымен» күресті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанға «Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы келді
«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Қазақстандағы бағдарламасын Ақтөбе облысынан бастады. Экспедицияның мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таяу Шығыстағы 6 елдің әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынды
2025 жылғы 13 маусымнан бастап Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларға 6 елдің – Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талғарда FIFA стандартына сай футбол академиясының құрылысы басталды
2025 жылы 23 маусымда Алматы облысы Талғар қаласында халықаралық FIFA стандартына сай KFF Academy by International Airport ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Полиция күніне арналған концертті тамашалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Полиция күніне арналған концертті тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тарихи кадр: Жаңа телескоптан ғарыштағы алғашқы суреттер жарияланды
Чилиде жаңа революциялық телескоптан ғарыштағы алғашқы суреттер жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Тауар қауіпсіздігіне цифрлық бақылау күшейтілмек
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов техникалық реттеу және тауарларды таңбалау саласындағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің жұбайына Алғыс жарияланды
Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің жұбайы Анель Забикулинаға Алғыс жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытауда 3 мың тонна қоқыс шығарылды
2025 жылдың 23 маусымында Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аймағамбетов салыққа қатысты жақсы жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Салық кодексіне қатысты жағымды жаңалық айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның бір жылдағы нәтижесі қандай?
Ақмола облысы Бурабай ауылында Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Онда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жиынға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ спортшылары өткен аптада қандай жеңістерге жетті?
Қазақ спортшылары өткен аптада бірнеше спорт түрінен жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.
-
Алматыда үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті
Алматы қаласында үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетіп, қаза тапты. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Депутат: Қазақстан сутегі энергетикасына дайын емес
Бүгін Мәжіліс отырысында еліміздегі сутегі энергетикасының даму перспективалары мен институционалдық негіздері кеңінен талқыланды. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин сутегі энергетикасын дамытуда бірқатар маңызды кемшіліктер барын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде "Заң және тәртіп" апталығы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанға Газа секторынан босқындардың келе жатқаны рас па? – СІМ жауап берді
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға палестиналықтар мен Таяу Шығыс елдерінен өзге де босқындардың жаппай қоныстануы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект қоғамдық қауіпсіздікке қызмет етуі тиіс – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сутегі өндірісіне қанша су керек? – Сумині түсіндірді
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Мәжілісте сутегі энергетикасын дамыту мәселелерін талқылау барысында жасыл сутегі өндірісінің су ресурстарына әсеріне қатысты маңызды пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент: Маңызды міндеттің бірі – әйелдер мен балаларды қорғау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстаннан Ресейге дрондардың ұшырылып жатқаны рас па?
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан аумағынан Ресейге қарай ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшырылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2027 жылы Қазақстанда қоғамдық көліктер сутегіге көшеді
Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан отырыста Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда көпқабатты үйдің шатырына салынған жекеменшік үй – не белгілі?
Ерекше "үйдің" шатырға қалай салынғаны және заңдылығы әзірге айтылмады.
-
Тоқаев: Құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жазасын өтеп жатқан 15 мың адамға амнистия жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Германия мен Жапонияға сутегі жеткізе алады – вице-министр
Бүгін Мәжілісте елімізде сутегі энергетикасын дамыту мәселелері қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде фермерлік далалық мектептер ашылады
GCP/KAZ/005/GFF жобасы — «Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация» шеңберінде Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлік далалық мектептер құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қиындықтар туындауы мүмкін": СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне саяхаттағысы келетін азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Заңды екі рет бұзған атыраулық жазаға тартылды
Атырау облысы Жылыой аудандық сотында арақ ішу және қоғамдық орында мас күйде жүру дерегі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Таяу Шығыстан 3 мыңнан астам қазақстандық елге орала алмай отыр
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазыбургер мен көл аңызы: Балқаштағы фестиваль рекорд орнатты
Көрермендер саны бойынша биыл Balkhash Tour Fest фестивалі рекордтық көрсеткішке жетті. Екі күн ішінде оның алаңында 50 мың адам болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тікұшақ қонатын алаңы бар жеті қабатты заманауи аурухана салынуда
Тікұшақ қонатын алаңы бар жеті қабатты заманауи аурухана салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі kabar.kg сәлтеме жасап.
-
Тоқаев: Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйені жетілдіре түсеміз
Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ломбардтардың көбеюі халықтың кедейленуі емес пе? – Жұманғариннің жауабы
Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге елордада ломбардтардың көбеюіне қатысты журналистер сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс: Қазақстанның тауар айналымына қалай әсер етеді?
Бұл сұраққа сенат кулуарында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖИ тәуелділік пе, әлде көмек пе: шынайы білім қалай қорғалады?
Бүгінгі студенттер жасанды интеллектті (ЖИ) еркін пайдалана бастады. Бұл үрдіске ЖОО басшылығы қалай қарайды? Академиялық адалдықты сақтау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл жөнінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Асылбек Исахов пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АЭС құрылысына қаржы қайдан алынады?
Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министр Серік Жұманғаринге БАҚ өкілдері еліміздегі АЭС құрылысы бойынша сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
23 маусым – Ел тыныштығын сақтаушылар мен елге қызмет етушілер күні
Қазақстанда бүгінгі 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
-
Сенат жаңа Салық кодексін мәжіліске қайтарды
Сеннаттың жалпы отырысында жаңа Салық кодексі бірінші оқылымды мақұлданды. Екінші оқылымға дайындау барысында құжатты Мәжіліске қайтару жөніндегі шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматылық ер адам өлер алдында донор болып, бірнеше жанның өмірін сақтап қалды
Науқас геморрагиялық инсультпен Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына түскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Люксембургтің Ұлы герцогін құттықтады
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы герцогін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
"Қарлығашым, келдің бе?" Береке құсы зауытқа ұя салды
Қарағанды облысы, Трудовое ауылындағы Сарыопан өзені маңында орналасқан әктас зауытының жұмысшысы елеулі оқиғаны бөлісті. Береке мен жақсылық нышаны саналатын қарлығаш өндіріс орнының ішіне ұя салған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма?
Соңғы жылдары жасанды интеллект (ЖИ) білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастады. Бұл оқытушы мамандығының болашағына қауіп төндіре ме? Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жер қойнауын пайдаланушылар үшін балама салық қолданыла ма?
Сенат отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шіркеуде теракт болды: 22 адам қаза тауып, 63-і жараланды
Шіркеуде қарулы адам оқ жаудырып, артынша жарылғыш белдігін іске қосқан.
-
Қорғаныс әлеуеті қауіп алдында: Шенеуніктер қару-жарақ өндіру жобасын созып жіберді
Қазақстанда заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы кешенді түрде өндіруге бағытталған стратегиялық маңызды инвестициялық жоба бюрократиялық кідірістерге байланысты қауіп төну алдында тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран АҚШ-қа қалай жауап қайтарады? – саясаттанушылар болжамы
Ядролық нысандарға соққы жасап, АҚШ қызыл сызықты өзі кесті. Енді жауап Тегеранның қолында, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC News-ке сілтеме жасап.
-
Сенатта Салық кодексі талқыланып жатыр
Сенат отырысында сенатор Бекболат Орынбеков жаңа редакциядағы Салық кодексін және оған ілеспе заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: АҚШ-тың Иранға әуе соққысы, орман өрті, саяси тұтқындардың бостандыққа шығуы
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.
-
Ақтөбелік тәртіп сақшысы – адал қызметтің айнасы
Ақтөбе облысында азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын күзетіп, осы салада абыройлы еңбек етіп жүрген тәртіп сақшылары жетерлік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада ер адам сүйіктісін өлтіріп, оның інісін пышақтап тастады
Астанада ер адам бұрынғы қызын өлтіріп, оның інісін пышақтап тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда мектепке мекенжайы бойынша қабылданбаған оқушылар қайда оқиды?
Алматыда халқы тығыз қоныстанған Нұркент ықшам ауданында мектеп тапшылығы тұрғындардың бас мәселелерінің біріне айналды. Жергілікті білім ордаларына балаларын қабылдамай жатқандарына тұрғындар наразы. Осы тұрғыда Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі аталған мәселенің анық-қанығын анықтап көрді.
-
Алматының бірқатар ауданында бүгін су болмайды
24 маусым күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласында Тоlоконников – Жандосов – Береговой – Шаляпин – Сәтбаев көшелерімен шектелген аумақта орналасқан ғимараттарда су болмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Дауылды ескерту: ТЖМ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан колледждерінде алғаш рет студенттерді халықаралық сертификаттау басталды
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық және кәсіптік білім алушылардың кәсіби дағдыларын танудың жаңа құралы енгізілуде.
-
Меркель: Израильдің Иранға шабуылын Ресейдің Украинаға басып кіруімен салыстыруға болмайды
Израильдің Иранға қарсы операциясын Ресейдің Украинаға басып кіруімен салыстыруға болмайды, өйткені Киев Ресейдің өмір сүруіне қауіп төндірген жоқ. Мұндай пікірді Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Neue Osnabrücker Zeitung газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ DW басылымына сілтеме жасап.
-
Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Каспий теңізіне Қызыл кітапқа енген албырт шабақтары жіберілді
Сирек кездесетін Каспийлік албырт (лосось) балығының 582 шабағы 15-шағын ауданындағы Каспий теңізіне жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресей, Қытай және Пәкістан БҰҰ-да АҚШ-тың Иранға шабуылын айыптайтын қарар ұсынды
Ресей, Қытай және Пәкістан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған әуе соққысын қатаң айыптайтын қарар жобасын таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран АҚШ-тың шабуылынан кейін Ормуз бұғазын жабуы мүмкін
Иран Парламенті стратегиялық маңызы жоғары Ормуз бұғазын жабу туралы шешімді мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Breaking News басылымына сілтеме жасап.
-
Жетісуда құны 9 млн теңгенің малын ұрлағандар анықталды
Жетісу облысының Көксу ауданында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бірнеше деректі анықтап, қылмыскерлердің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астана маңындағы ұшақ апаты: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Астана маңында жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
23 маусымға арналған валюта бағамы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 23 маусымға арналған валюта бағамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда қалалық бассейн уақытша жабылады
Оған табиғаттың тосын мінез танытуы себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан елшісі Моңғолия президентіне сенім грамоталарын табыс етті
Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
МАГАТЭ АҚШ-тың Иранға соққысынан кейін шұғыл жиын өткізеді
АҚШ әуе күштерінің Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысынан кейін, Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) шұғыл жиын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх