2027 жылы Қазақстанда қоғамдық көліктер сутегіге көшеді

23 Маусым 2025, 16:11
1864
Бөлісу:
 inastana.kz
Фото: inastana.kz

Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан отырыста Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергетика министрлігі 2030 жылға дейінгі сутегі энергетикасын дамытуды жүзеге асыру тұжырымдамасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл құжат елімізде жаңа буын энергия көздерін енгізуге институционалдық негіз қалыптастыруды көздейді, - дейді Бақытжан Ілияс.

Тұжырымдама аясында бірқатар пилоттық жобаларды іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда:

  • 2026 жылы сутегі парогаз қондырғыларында қолданыла бастайды;
  • 2027 жылы сутегіні қоғамдық көліктерге енгізу көзделіп отыр;
  • 2028 жылы елімізде алғашқы сутегі құю бекеттерінің құрылысы басталады.

Бұл жобалар жаңа технологиялық шешімдерді сынақтан өткізуге, инвестиция тартуға, сондай-ақ нормативтік және техникалық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қазақстан Германия, Жапония, Қытай сынды таза энергияға деген сұранысы жоғары елдерге төмен көміртекті сутегінің сенімді жеткізушісі бола алатынын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы