Алматыда көпқабатты үйдің шатырына салынған жекеменшік үй – не белгілі?

23 Маусым 2025, 16:04
19302
Бөлісу:
 TikTok/ tik_tak_tok2024
Фото: TikTok/ tik_tak_tok2024

Жұмалиев көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде орналасқан нысанның видеосы алғаш 2025 жылдың сәуірінде желіде тарады. Сол уақыттан бері құзырлы органдар оның қаншалықты заңды екендігін тексерді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көпқабатты тұрғын үйдің 2012 жылы ресми түрде пайдалануға берілгені белгілі болды. Ерекше "үйдің" шатырға қалай салынғаны және заңдылығы әзірге айтылмады.

Бүгін, 23 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі осы іске байланысты жаңа ақпаратпен бөлісті.

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы Алмалы ауданы №2 аудандық сотына нысанға қатысты құқық белгілейтін құжаттарды жою және оны сүру туралы талап арыз жолдады. Қазіргі уақытта сот ісі жүріп жатыр, – деп хабарлады басқарма.

Өзгелердің жаңалығы