Қазақстанға Газа секторынан босқындардың келе жатқаны рас па? – СІМ жауап берді

23 Маусым 2025, 16:42
746
Бөлісу:
 REUTERS/Ahmed Zakot/SOPA Images/Sipa USA dzen
Фото: REUTERS/Ahmed Zakot/SOPA Images/Sipa USA dzen

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға палестиналықтар мен Таяу Шығыс елдерінен өзге де босқындардың жаппай қоныстануы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Мен Қазақстанға Таяу Шығыс елдерінен босқындардың легі келе жатқандығы туралы фейк ақпараттарды көрдім. Былай деп айтайын, бұл – нағыз "арсыз" фейк. Ол шындыққа жанаспайды, - деді Айбек Смадияров.

Айтуынша, Саудия билігінің Газа секторы тұрғындарын Қазақстанға қоныстандырып, оларға баспана сатып алу туралы жалған ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Мұндай ақпараттарды кім шығаратынын білмеймін, бәлкім, біреулерге солай ыңғайлы шығар. Ешқандай да қоныс аудару туралы да, баспана сатып алу туралы әңгіме болған емес. БАҚ өкілдерін мұндай жалған ақпараттардың алдын алуға көмектесуге шақырамын, - деді ведомство өкілі.

Бұған дейін Таяу Шығыстан 3 мыңнан астам қазақстандық елге орала алмай отырғанын жаздық. Сондай-ақ СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан аумағынан Ресейге қарай ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшырылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Өзгелердің жаңалығы