Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АЭС құрылысына қаржы қайдан алынады?

23 Маусым 2025, 13:38
1791
Бөлісу:
 Олжас Адай - архив
Фото: Олжас Адай - архив

Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге БАҚ өкілдері еліміздегі АЭС құрылысы бойынша сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресей мен Қытайды елімізде АЭС салатыны айтылып жатыр. Қаражат қайдан тартылады? деп журналистер сауал қойды.

Қазір тек бірінші АЭС бойынша шешім қабылданды. Қытай туралы әлі шешім қабылданған жоқ. Біз агенттік аштық. Мен осы саламен айналыспаймын. Сапалы жауап керек болса, құзыретті органға сұрағыңызды қойыңыз, - деді Серік Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Ресей АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті. 

Өзгелердің жаңалығы