Иран Парламенті стратегиялық маңызы жоғары Ормуз бұғазын жабу туралы шешімді мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Breaking News басылымына сілтеме жасап.
Бүгінде Бұғаз арқылы әлемдік мұнай мен газдың 25-30%-ы тасымалданады. Ормуз бұғазы – әлемдік энергия тасымалы үшін асамаңызды теңіз өткелі.
Жер шары бойынша тұтынылатын мұнай менгаздың шамамен 25-30%-ы дәлосы бұғаз арқылы өтеді, – деп жазылған хабарламада.
Парламент шешімі әлі Иран Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің бекітуін күтуде. Бұл орган Иранның әскери және сыртқы саясатындағы түбегейлі қадамдарды заңдастыратын соңғы инстанция болмақ.
Иран Парламентінің депутаты, Ислам революциясы сақшылар корпусының командирі Эсмаил Коусари бұл мәселе қазіргі күн тәртібінде тұрғанын айтты.
Қажеттілік туындаған жағдайда бұл шешім міндетті түрде жүзеге асырылады, –деді ол.
Егер Иранның егемендігіне қарсы агрессия тоқтамаса, біз Ормуз бұғазын бірнеше сағат ішінде толық жабуға дайынбыз. Елдің аумақтық тұтастығына кез келген шабуыл қатаң жауапсыз қалмайды, – деді Ислам революциясы сақшылар корпусының теңіз күштерінің қолбасшысы, бригадалық генерал Алиреза Тангсири.
Қазіргі жағдайдың ушығуына АҚШ-тың Иранға қарсы әскери соққысы себеп болды.
- АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасалғанын растады.
- Америкалық ұшақтар шабуылдан кейін Иран әуе кеңістігінен шығып кеткен.
- Ақ үй Израильді алдын ала хабардар еткен.
- Иран тарапы авиация шабуылын растады.
Егер Ормуз бұғазы жабылса, мұнай мен газ бағасы күрт көтерілуі мүмкін; әлемдік нарықта энергетикалық дағдарыс қаупі артады; Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс ушығуы ықтимал.