Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс: Қазақстанның тауар айналымына қалай әсер етеді?

23 Маусым 2025, 14:02
632
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Бұл сұраққа сенат кулуарында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жағдай үнемі бақылауда болады.

Жағдай қалай өзгеретінін күтіп отырмыз. Бейбіт келісімге қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Не жоғалтамыз дегенге келсек, бәрінен бұрын Иранға азық-түлік жеткіземіз. Бұл оқиға ол саудаға әсер етпейді деп ойлаймын. Қайткенде де халқына азық керек, үлкен ел деген сияқты. Бізді алаңдатып отырған жалғыз мәселе – логистика,-деді Серік Жұманғарин.

Логистика мәселесі бойынша басқа да балама жолдары бар.

Біз Транскаспий халықаралық көлік маршруты арқылы Грузия арқылы, Қытай порттары арқылы шыға аламыз. Бұл логистиканы біраз қиындатады, бірақ егер бұл жағдай біз үшін ұзақмерзімді салдарға әкелетін болса, онда балама нұсқаларды қарастырамыз, кәсіпкерлерге көмектесеміз. Қазіргі таңда бұл туралы айтуға ерте,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы