Сенат кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге елордада ломбардтардың көбеюіне қатысты журналистер сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Астанада тұрғын үй кешені салынса, бірінші дәріхана салынады, екінші ломбард салынады. Бұл халықтың кедейленіп бара жатқанын білдірмей ме сіздіңше?" деп сауал қойды БАҚ өкілдері.
Кәсіпкерліктің белсенділігіне кедергі жасай алмаймыз. Сол себепті "мұнда ломбард салма, мұнда дәріхана ашпа" дей алмаймыз. Керек болса, ашсын. Ол да бәсекелестік қой. Бір-екі ломбард қасында тұрса, бәсекелесетін болса, сіздерге жақсы ғой. Қызметтерінің бағасы арзандайды, - деді министр.