Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада Қазақстан полициясы күніне орай дрондар шоуы ұйымдастырылды

23 Маусым 2025, 23:30
372
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Елордада Қазақстан полициясы күніне орай ерекше дрондар шоуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кешкі аспанды 550 дрон жарықтандырып, көрермендерге әсерлі көрініс сыйлады. Бұл шара тек мерекелік сипатта ғана емес, еліміздің тұрақты дамуы жолында қауіпсіздік пен заңның маңызын ұғындыруға бағытталды.

Айта кетейік, аталған мереке аясында Мемлекет басшысы алғаш рет құқық қорғау органдарының алқа мәжілісін өткізді. Жиын барысында Президент құқық қорғау саласының стратегиялық маңызын атап өтіп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту, қылмыспен күресті күшейту және халықтың күш құрылымдарына деген сенімін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Астанада Қазақстан полициясы күніне орай дрондар шоуы ұйымдастырылды

Сондай-ақ дәл осы күні елімізде "Заң және Тәртіп" атты республикалық ақпараттық-ағартушылық апталық бастау алды. Оның аясында бүкіл өңірлерде қоғамдық, білім беру және алдын алу шаралары өткізу жоспарланған.

Ақпараттық науқанның негізгі мақсаты – азаматтардың заңға деген құрметін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және тәртіптің ел болашағы үшін маңызын түсіндіру.

Өзгелердің жаңалығы