Все новости за 4 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Өскемендегі облыстық драма театрына Рүстем Есдəулеттің есімін беру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі облыстық Қазақ Драма театрына Рүстем Есдəулеттің есімін беру туралы мәселе қайта көтерілді. Бұл туралы Түсіпхан Түсіпбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Коронавирус: Бірқатар елде антирекордтар тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың нашарлауына байланысты шетелге сапар шегуге шектеуді күшейтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
СҚО-да бойжеткен қыздың мүрдесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айында жоғалған 22 жастағы бойжеткен өлі табылды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
-
Атырауда автобустарға Ashyq жүйесі енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда автобустарға да Ashyq жүйесі енгізілді. Бүгіннен бастап қоғамдық көлікке жолаушылар QR-кодты сканерлеген соң ғана міне алады.
-
Қызылорда облысында жеке тұрғын үйде жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жеке тұрғын үйді табиғи газға қосу кезінде жарылыс болды.
-
Еліміз Токио Олимпиадасының трансляциясын 6,25 млн долларға сатып алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыруға қанша қаражат жұмсалғанын хабарлады.
-
Еліміздегі жеке меншікке берілмейтін ЖОО-ның тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда толығымен мемлекетке тиесілі және иеліктен шығаруға жатпайтын жоғары оқу орындарының тізімі ашық НҚА порталында жарияланды.
-
Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсуге ниетті талапкер көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде магистратура мен докторантураға, сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының әскери оқу орындарына түсетін үміткерлер үшін оқуға түсу емтихандары өткізілуде.
-
Тоқаев Алматыда карантин шараларын күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Алматы облысының басшысы Амандық Баталовтың есебін тыңдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
-
Елордалық құтқарушылар 10-қабатта балконда ойнап тұрған екі баланы құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 18 сағат 02 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101«» пультіне Сарыарқа ауданы Қосшығұлұлы көшесінің көп қабатты үйлерінің бірінде 10-қабат биіктікте екі баланың балконнан ойыншықтар лақтырып ойнап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
-
Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған деп хабарлайды Polisia.kz.
-
WhatsApp-та жаңа функция іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болды деп хабарлайды РИА Новости.
-
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңейтілген кеңес өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, оған қалалар мен аудандардың әкімдері, аймақтық мемлекеттік органдарының басшылары қатысты деп хабарлайды облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
-
Зауыт қызметкерлері толықтай вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда зауыт қызметкерлері толықтай вакцина салдырған. Бұл туралы «Алматы желдеткіш зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктігі директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұлов хабарлады. Кәсіпорынның 100% екпе алғандығы туралы зауыт басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
-
СOVID-19: Инфекциялық төсек-орындардың жартысынан көбі толы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек басқармасының басшысы Айма Сағындықова хабарлады. Оның айтуынша, республика бойынша төсек-орындардың 56%-ы толы.
-
«7-20-25». 65 913 өтінім қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 804,4 млрд теңге несие алуға 65 913 өтініш қабылданды.
-
Инфекционист дәрігер коронавирусты үш рет жұқтырғандар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында жоғары санатты инфекционист дәрігер Сәуле Атығаева хабарлады. Ол індет басталғалы коронавирус инфекциясын бірнеше рет жұқтырып алған науқастардың кездескенін алға тартты.
-
Қазақстанда індетке қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу қарастырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева айтты.
-
Инфекционист індеттен «кетіп жатқан» науқастардың көбеюіне қатысты дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева айтты.
-
Вакцина салдырмағандар індет жұқтырса, қандай асқынулар болуы мүмкін?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты. Індет өршіп тұрған кезеңде вакцина тиімді қорғаныс деп екендігін алға тартты.
-
Студенттер еліміздегі оқуын жалғастыра отырып, америкалық ЖОО-ның дипломын ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық студенттер елімізде оқуын жалғастыра отырып, АҚШ-тың беделді жоғары оқу орны Аризона университетінің дипломын ала алады.
-
Маман вакцинадан кейін науқастану қаупі сақталатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.
-
СІМ басшысы Қазақстанда дипломатиялық миссиясын аяқтаған шетелдік елшілерді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Испания, Италия және Израиль елшілерімен бөлек кездесулер өткізді.
-
Қалыпты өмірге оралу үшін халықтың 80 пайызы вакцина алуы керек – Смағұл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.
-
Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ – Алмаз Шарман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман хабарлады. Індет өршіп тұрған кезеңде дәрігер өзекті сұрақтардың біріне қатысты ақпараттар берді.
-
10 жылдан бері бала сүйе алмай жүрген шымкенттік келіншек үшем босанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үшем Шымкент қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.
-
19 миллионыншы тұрғынның отбасына қандай сыйлық жасалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Алматы облысында демалыс күндері локдаун болады
Алматы, BAQ.KZ. Жетісу жері «қызыл» аймақта. Өңірде коронавирус індетінің өсу қарқыны 0,7%-дан 0,9%-ға дейін артты.
-
Шариғат бойынша вакцина салдыруға болады – наиб мүфти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғанын мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.
-
Антикор Маңғыстау облысында жемқорлыққа қатысты қандай қылмыстар жиі тіркелетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали Антикордың брифингінде айтты.
-
Алматыға азық-түлік өнімдерін жеткізу туралы меморандумдарға қол қойылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының ірі сауда желілері мен тауар өндірушілері Алматыға сиыр етін, күнбағыс майын және күрішті тікелей жеткізу туралы келісті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимовтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойылды.
-
Токио-2020. Нұрислам Санаев қолаға таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады деп жазады Olympic.kz.
-
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын кінәсіз деп танып, тек айыппұл салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СҚ-Фармация» ЖШС бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Министрлер кабинетіне гранатамен кірген ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адамды берілуге көндірді және ұстады. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кешірім сұраған.
-
Онколог дәрігер асқазан қатерлі ісігінің алғашқы басты белгілерін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің В.А.Оппель атындағы ауруханалық хирургия бөлімінің ассистенті, хирург Рустем Топузов «Доктор Питер» порталына берген сұхбатында асқазан қатерлі ісігінің қалай пайда болатынын айтты. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.
-
Атырауда магистратураға түсу тестілеуін «Адалдық алаңы» бақылап келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 20 шілде мен 5 тамыз аралығында магистратураға түсу үшін Атырау облысында компьютерлік форматта кешенді тестілеу өткізілуде.
-
Қаржы пирамидалары әлеуметтік желі арқылы жасырын жұмыс істеп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанда қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны үшін 330-дан астам қылмыстық іс қозғалған. Алаяқтық ұйымдар туралы ақпарат қысқа мерзімде БАҚ-та және мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланды. Сотқа 177 іс жіберілді, тергеуде 62 адам жатыр.
-
Украина. Белгісіз біреу Министрлер кабинетінің ғимаратын жарып жібермекші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам Украина Министрлер кабинетінің ғимаратында граната жарып жіберемін деп қорқытуда.
-
Сирияда әскерилер мінген автобус жарылып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарылыс қысқа тұйықталу болып, артынша жанармай багы тұтанып кеткендіктен болған екен. Автобус жүргізушісі қаза тапты.
-
Шымкент қаласының прокуроры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Шымкент қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов тағайындалды.
-
Ақтөбе облысында сармат дәуірінің қорымы табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарғалы ауданында қола дәуірінің қоныс-мекендері табылды. Сол аумақтан метал пеш табылған. Бұл қазіргі Ақтөбе облысының аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың метал өндірісімен айналысқанын дәлелдейді.
-
Атырауда лифт құлап, бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 4 тамызда «Residence Ardager» ТК 15-қабаттан лифт шахтаға құлап кетті. Қызмет көрсететін компанияның 39 жастағы монтері қаза тапты, екінші жұмысшы ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
-
Отандық өндірушілер тері экспортынан 2 млн доллардан астам пайда тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың бес айында отандық иленген былғары мен ірі қара малдың терісінен жасалған былғары крастын сатудан түскен экспорттық түсім 2,4 млн АҚШ долларға жетті.
-
Ата-анасы екпе салдырмаған балалар балабақшаға жіберілмейді деген рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы COVID-19-ға қарсы егілмеген балаларды балабақшаларға қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны талқылауда.
-
Токио-2020: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода күрес түрлері бойынша бәсекелер жалғасып жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 4 тамызда Пушкин көшесіндегі көпқабатты үйдің 27 тұрғыны бірінші қабаттағы дүкендегі өрт салдарынан эвакуацияланды.
-
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында бокстан 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев америкалық боксшы Ричард Торреспен кездесті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.
-
Елімізде орман алқаптарын қысқарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде «Қазақстандағы ормандардың жойылуы туралы» ақпарат таратылды. Осыған байланысты Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті келесіні баяндайды.
-
Алматының Жетісу ауданында көпбалалы жүздеген отбасы мемлекеттен көмек алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік жобалардың арқасында Алматының Жетісу ауданындағы көпбалалы және аз қамтылған жүздеген отбасы ай сайын көмек алады.
-
Елордалықтар коронавирусты қай жерден жұқтыратыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
-
Сапарбаев Ұлан Жазылбектің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыларыңа ортақтасып, көңіл айтамын. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды.
-
Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны қалай таңдалғаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылғы 20 маусымда Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.
-
Елордадағы эпидахуал әлі жақсармай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.
-
Ashyq жүйесінен 400-ден астам кәсіпкерлік екі аптаға шеттетілді – Мұқаш
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш елорданың брифингінде айтты.
-
Биылғы оқу жылының ұзақтығы мен каникул мерзімдері бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 27 шілдеде «Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және демалыс кезеңдері туралы» бұйрыққа қол қойды.
-
30 жылда Қарағанды облысында 61 мектеп, 22 балабақша салынды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыста 187 шара өткізу жоспарланған. Жоспарға сәйкес шаралар легі жыл басынан бері жүйелі түрде өткізіліп келеді.
-
Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы күрт нашарлаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 тамызда сағат 22.10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ресей Федерациясынан келген туристер тобына құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы ақпарат келіп түскен. Олардың жалпы саны 15 адам болған.
-
Көкшетауда кәсіпорын қызметкерлерінің 90%-ы вакцина алды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау қаласында жүздеген қызметкері бар кәсіпорындарда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау науқаны жалғасуда.
-
Алматыда қойма өртке оранды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алатау ауданында металдан жасалған қойма өртеніп жатыр.
-
Қарағандыда қазан айында «Қасым» үйі ашылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қacым Aмaнжoлoвтың 110 жылдық мepeйтoйынa орай Қарағандыда орталық ашылмақ. «Қacым» үйiнiң aшылyы қазан айына жоспарланған.
-
Токио-2020: Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш айдағы ең жоғары деңгей. Түркияда COVID-19 оқиғаларының тәуліктік өсімі 25 мыңға дейін жетті, 126 адам қайтыс болды.
-
Токио-2020: Ескекші Маргарита Торлопова ширек финалға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каноэ мен байдаркада есуден жарыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды.
-
Токио-2020: Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша сайыстар басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
КВИ мен пневмониядан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 150-ге жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 4 тамыздағы ақпарат тарады.
-
Түркістаннан өзге өңір «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында 4 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Токио-2020: Наталья Сергеева байдаркада есуден ширек финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода байдарка мен каноэде есуден жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Өткен тәулікте 3554 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 3554 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 7519 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7519 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Байден АҚШ-тағы COVID-19 жағдайының көбеюін трагедия деп атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Джо Байден COVID-тың жаңа толқынын «алдын алуға болатын трагедия» деп атады, деп жазды РИА Новости.
-
Токио-2020: Қазақстан спортшыларының 4 шілдеге арналған жарыс кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 4 тамыз қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың бес түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz. Еркін күрес шеберлері мен велошабандоздар ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарындағы жолын бастаса, боксшылар жартылай финалда, ескекшілер мен әртістік жүзуден атлеттер де бақтарын сынайды.
-
Қарағанды автожолдарына тағы 100 бейнебақылау камералары қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 тамыздан бастап Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Саран және Сәтбаев автомобиль жолдарында қосымша 100 құқық бұзушылықтарды тіркеу камералары жұмыс істей бастайды. Олар ЖҚЕ талаптарының сақталуын автоматты режимде бақылайтын болады.
-
22 индустриялық жоба аясында 349 жұмыс орны ашылды – Қызылорда облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында бүгінде облыс орталығы мен барлық ауданда индустриялық аймақтар құрылып, жұмысын бастады. Облыстағы индустриялық бойынша жалпы құны 197,3 млрд теңгені құрайтын 60 жоба орналастырылды, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылордалық алаяқ шымкенттікті тоғыз миллион теңгеге алдаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық алаяқ шымкенттікті тоғыз миллион теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Колумбияда вакцинацияланбаған тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның солтүстік-батысындағы Сукре муниципалитетінде коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған адамдарға үйлерінен шығуға тыйым салынды.
-
Елордада белгісіз біреулер қоқыс тастайтын 36 контейнерді өртеп жіберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған контейнерлерді қасақана өртеу жағдайлары бұған дейін де болған. Осы демалыс күндері Есіл ауданында осыған ұқсас жағдай болып, нәтижесінде 36 контейнер өртенді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Британия билігі вакцина салдырушыларға тегін такси ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдықтар вакцинациялау орталығына таксимен тегін жете алады. Осылайша билік тұрғындарды екпе жасауға ынталандыруға тырысуда.
-
17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Наверх