17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

4 Тамыз 2021, 00:17
2165
Бөлісу:
17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 17 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері су айдындарына 21 адам батып кеткен. Оның ішінде 7 бала бар. Ал құтқарылған 3 адамның екеуі бала.
2 тамызда сағат 19:14-те Атырау қаласының маңындағы Томарлы ауылының тұсында 17 жастағы жасөспірімнің суға батқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Сүңгуірлер кешкі сағат 21:03-те суға батқан жасөспірімнің денесін тауып, жағаға шығарды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері 356 профилактикалық рейд өткізілген. Оның ішінде 218 рейд полициямен бірлесе жүргізілген.
Соған қарамастан, құтқарушылар мен полицейлердің ескертуін елемей, арнайы белгіленбеген орында суға шомылатындар азаймай отыр. Полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда шомылғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 200 мың теңгеден астам айыппұл сомасын құраған 369 хаттама толтырды, – деп мәлім етті баспасөз қызметінен.


Өзгелердің жаңалығы