Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль еншіледі

4 Тамыз 2021, 12:42
3907
Бөлісу:
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев қола медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында бокстан 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев америкалық боксшы Ричард Торреспен кездесті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

Айта кетсек, жартылай финалға шығу үшін Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездескен еді. Төрешілердің бір ауыздан берген шешімімен Қамшыбек қарсыласынан басым түскен. 

Америкалық боксшымен айқастың алғашқы раундында Қамшыбек шегіне жүріп айқасты. Жекелеген соққылары өткенімен, раунд соңына қарай өзі де соққы өткізіп алды. 

Бірінші раундтың қорытындысы бойынша төрт төреші жеңісті Торреске берді. Екінші раунда америкалыққа Қамшыбектен ауыр соққылары тиді. Әйтсе де раунд соңында Қамшыбек ногдаунға түсіп қалды. 

Екінші раундтың қорытындысы бойынша Торреске барлық төрешілер ұпай берді. Үшінші раундта Қамшыбек Қоңқабаев ауыр соққы алып, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды.



Өзгелердің жаңалығы